29 Қаңтар, 2011

Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет бірлікпен толығады

524 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстан халқы Ассамблеясының мәлімдемесі Мемлекет басшысы өсіп-өркендеген, тәуелсіз, азат Қазақстанды құру мақсаты­на қол жеткізудің сөзсіз жаңа кезеңі бо­лып табылатын, негізгі мәселелердің бар­лығын қамтыған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындаған «Бо­ла­шақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда Қазақстан тәуелсіздік жыл­да­рында ерекше қарқынды даму үлгісін көрсеткені аталып өтті. 2011 жылдың 1 қаңтарының өзінде адам басына шаққанда ІЖӨ көрсеткіші 1994 жылмен салыстыр­ған­да 12 есе өсіп, әр адам басына шақ­қан­да 9 мың долларды құрады, бұл деңгейге жету 2015 жылға жоспарланған болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылдығында мұндай нәтижеге әлі бірде-бір ел қол жеткізбеген екен. Мемлекет басшысы үдемелі иннова­ция­лық-индустриялық даму бағдарламасы елеу­лі үлес бере бастағанын және, ең бас­тысы, экономиканы оның нақты сек­то­ры­ның өсімі есебінен терең құрылымдауға бастау болға­нын егжей-тегжейлі көрсетіп берді. Мемлекет басшысының бастамасымен аграрлық секторда ауылдың индустрия­лық дамуына қуатты серпін беретін етті мал өндірісін дамыту бойынша бұрын бол­маған жобаны іске асыру жоспарлануда. Президент Н.Ә. Назарбаев аймақтық саясаттың жаңа ұстанымын қалыптас­ты­ру­ды ұсынып: «Қуатты бизнес – қуат­ты мемлекет» қағидасын жариялады. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қар­сы әлемдік рейтингтегі біздің еліміздің көр­сеткішін 45 тармаққа алға жылжытуға және ТМД-да жоғары позицияға шығуына мүмкіндік берген сыбайлас жем­қор­лық­пен күрестің әсерлі нәтижелері аталып өтті. Ең беделді әлемдік рейтингтерде Қа­зақстан айтарлықтай алға шықты. Әлем­дік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесін қорғау жө­нін­де реформа жүргізу бойынша көш­басшы деп танылды. Қазақстан неғұрлым қо­лайлы бизнес-климатты елдердің әлемдік рейтингінде әлемнің 183 елінің ішінде 59-орынды иеленді. Бұл – Ұлт Көш­басшысы мен Қазақстан халқының қа­жыр­лы еңбегінің әлемдік қоғам­дас­тықпен нақты мойындалуы. Мемлекет басшысы күн тәртібіне ха­лық­тың әл-ауқатын нығайтуға бағыт­тал­ған әлеуметтік модернизация және жаңа әлеуметтік саясат мәселесін қойды. Білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытудың маңызды мемлекеттік бағдар­ла­малары қатарына түбегейлі иннова­ция­лық бағдарламалар: жаңа жұмыспен қам­ту стратегиясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау, тұр­ғын­дарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қосылды. Бұл бағдарламалар әрбір Қазақстан азаматының өмірін тікелей жақсартуды көздейді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент Жолдауын Қазақстан халқының әлеу­меттік толысуының, оның айнымас ұлт­тық бірлігінің, қоғамдық келісімі мен толе­ранттылықты нығайтудың, Ұлт Көш­басшысының айналасына топтасудың, қуатты ұлт қалыптастырудың берік негізі деп санайды. Жолдаудың тіл саясаты бағытындағы міндеттері қоғамдағы терең өзге­ріс­терді, бейбітшілік пен келісімнің көп­тілді және көпконфессиялы қоғамдағы сенім, мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқуға деген шынайы талпыныс пен сол тілмен ата­латын жерге деген сыйластық туғыз­ға­нын көрсетеді. Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы Нұр­сұл­тан Әбішұлының әр Қазақстан азаматы үшін үш тілді білу – баянды болашақтың кепілі туралы ойын толығымен қолдайды және іске асыруға күш салады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлт Көш­басшысының 2011 жылды – Тәуел­сіздіктің 20 жылдығын «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деп жариялау туралы шешімін қолдайды. Тә­уелсіздік жылдары қазақстандық жол­дың негізгі құндылықтары қалыптасты, олар – БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰ­РАҚ­ТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ. Қазақстан хал­қының жанына жақын бұл ұғымдар әр азаматтың ішкі жан-дүниесінің, ділінің, өмірлік қағидаттарының өлшеміне айналды. Бұл ұғымдар, 15 жыл бойы, Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың баста­ма­сымен құрылған Қазақстан халқы Ас­самблеясы жұмысының негізгі бағыт­тары болып келеді. Біз, Ұлтымыздың Көшбасшысы, Тұң­­­ғыш Президент және Тәуелсіз Қа­зақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, халықтың жүре­гінен шыққан 2020 жылға дейін Пре­зиденттің өкілеттігін ұзарту туралы бас­таманы қолдайды деп сенеміз. Бұл бастама бүгін Қазақстан халқын біріктіріп, үлкен қоғамдық қозғалысқа, «Қазақстан – 2020» демократиялық күштер қо­ғам­дық коалициясына айналды. Тәуелсіз және егемен Қазақстанның жалғыз билік қуаты – халық. Қазақстан халқы өзінің өткені, бүгіні мен бола­шағын өз Президентімен байланыс­тырады. Бұл – ақсақалдардың даналы­ғы­мен және жастардың серпілісімен, аналардың балалары туралы ойларымен және кәсіпкерлердің іскерлік көзқара­сымен қабылданған шешім. Бұл қызмет­тегі Президентті таңдаған еркін және ерікті жалпыхалықтық шешім. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бо­лашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдау – халықтың өз Көшбасшысына байланысты қабылдаған шешімін қол­даушы салмақты дәлел екенін нақтылай отырып, барлық Қазақстан азаматтарын бейбітшілік пен тұрақтылық негізінде бас біріктіріп, Президент нақтылаған тап­сырмаларды орындауға жұмылуға, бір­лігімізді сақтауға және өзіміздің саяси таңдауымызды дұрыс жасауға ша­қырады. Бұл барлығымызға және әрқай­сы­мызға, Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуі үшін қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

2011 жылғы 28 қаңтар.