24 Мамыр, 2016

27 мамырда аспанда екі ай көрінеді

566 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
24.05.2016 AST-2 АСТАНА. 24 мамыр. WhatssАpp желісінде 26 мамырдан 27-не қараған түні аспанда екі айдың көрінетіні туралы хабар тарап жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Соңғы кезде айдың екі-үшеулеп көрінуі жиі болып жүр. 2012 жылы 27 тамыз күні де адамдарға екі ай көрінген. Сол күні сағат 00.30 минут өткенде Марс планетасы Жерден 34,65 мың миль қашықтықтан өтеді. Соны көргендердің айтуынша, аспанда екі ай тұрады. Бірақ оның  біреуі Марс планетасы, екіншісі Ай болатын. Келесі жолы Марс Жерге 2287 жылы осылай жақын өтеді екен. 2011 жылы екі емес, тіпті үш ай көрінген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ержан Байтілес «Күн біреу. Ал ай ше?» мақаласында жазған. Ол: «Өткен демалыс күндері ауылға бардық. Шиелі ауданының Еңбек­ші ауылына. Күн сенбі еді. Қара­ша­ңырақтың түтінін түтетіп отыр­­ған Бектөре ағам біртүрлі әңгіме бас­­та­ды. Әдетте томаға-тұйық, ішін­дегі­сін сыртқа көп жаймайтын адам­ның ашылып сөз бастағанына тосырқап отыр едік. Айтқан әңгімесі құйқа­мызды шымырлатып жіберді. – Кеше түнде далаға шықтым. Аспанға қарап едім, ай үшеу бо­лып тұр екен. Бауыржан Момышұлының «Ұш­­қан ұясын» оқып едім. Ұзақ уа­қыт кітап оқығаннан көзім тал­ған шы­ғар деп ойладым. Екі кө­зім­ді уқа­лап аспанға қайта қара­дым. Ай үшеу. Сосын ұзақ уақыт көзімді жұ­мып тұрдым. Тағы үшеу күйінде. Жетіқа­рақшыға қа­ра­дым. Ол – жетеу. Те­мір­­қа­зық­т­ы іздедім. Жалғыз өзі жар­қырап тұр. Ақбозат пен көк­бозатқа қара­дым. Олар екеу. Айға қайта қара­дым. Үш ай әлі тұр, – деді ағам. Өз көзіне өзі сенбеген Бекең қыздарын шақырады үйден. Үш қызы қатар шығады. Олар да үш айды көреді», деп жазған болатын. Жалпы, аспанда екі айдың, үш айдың көрінуі Күннің төңірегінде болатын орбитамен байланысты делінеді. Орбита латыннан аударғанда із, жол деген мағынаны білдіреді. «Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон планетасы. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар. Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады», дейді ғалымдар. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz 24.05.2016 AST-1