29 Қаңтар, 2011

Қорытынды шығарылып, міндеттер айқындалды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Қо­зы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Қазақстан Рес­публикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының оты­рысы болды. Отырыста инс­пекцияның былтырғы жыл­ғы қызметі қорытын­дыланып, 2011 жылдағы міндеттері айқындалды. Мәселен, 2010 жылы Қа­уіпсіздік Кеңесі инспекциясы әскери қызметкерлерді тұр­ғын үймен қамтамасыз ету заңдылығының сақталуы, күш-қуат органдары бюд­жеттерінің орындалуы, Мемлекеттік шекараның күзетілуі және қылмыстық-атқару жү­йе­сінің мекемелерін тексеру жұмыстарын атқарды. Тексеру нәтижелері мен қоры­тындылары Мемлекет бас­шысына баяндалды. Ағымдағы жылы өңір­лер­де орналасқан құқық қорғау органдарының, Қарулы Күш­тер, Шекара қызметі, Ішкі әскерлер мен Төтенше жағ­дай органдары мекемелерінің қызметіне талдау жасалады. Күш-қуат органдары жүр­гізетін мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер зерделенеді. Инспекция оқ-дә­рілердің, қару-жарақ­тар­дың және әскери техни­калар­дың сақталуына бақылауды жал­ғас­тыратын болады. Инспекция мүшелеріне 2011 жылға арналған жоспарда көзделген іс-шараларды орындауды ұйымдастыру жө­нінде тапсырмалар берілді.