25 Мамыр, 2016

Талқылау алаңында – жаһандық тақырып

322 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
logo foruma*Бүгін Астана экономикалық форумы ашылады Бұған дейін хабар­лағаны­мыз­дай, елордада еліміздің экономи­калық және саяси өміріндегі елеулі оқиға – Астана экономикалық форумы (АЭФ-2016) бүгін өз жұмысын бастайды. Иә, Қазақстанның астанасына, «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы» атты АЭФ-тың басты тақырыбын талқылау үшін әлемге танымал сарапшылар, саясаткерлер, ірі қаржы құ­ры­­лы­мының жетекшілері, халық­ар­алық ұйымдар басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар жиналды. Әлемді шайқалтқан қаржы дағдарысы, Орталық Азия және Кавказ елдері қаржы жүйесінің әлсіз жақтарын айқындап беріп, экономикасын едәуір әлсіретті. Осы елдердің бір бөлігі, ең алды­мен, өздерінің қаржы-банк жүйелері­­­­нің үйлесімсіздігінен, сонымен бі­рге, сауданың қысқаруынан, әлем­дік қаржы нарығында қара­жат алу шарттарының күшеюі­нен көрінетін дағдарыс салдар­ларын қатты сезді. Орталық Еура­зия мем­лекеттерінің нарық­тық экономикаларының тәуелсіз жұмыс істеуі, дамудың әртүрлі сценарийлерінің және қаржы­лық жаһандану жағдайларын­да жоғарыда аталған жүйелерді біріктірудің мүмкіндігін алдын ала анықтады. АЭФ-2016 сессияларының бірқатары қаржылық және банк секторының даму болашағына, монетарлық саясатқа және капиталды бақылау тәртібіне арналады. Осылайша, «Әлемдік экономикадағы кешенді беймәлім­дік пен құбылмалылық: Тұрақ­сыздықтың өскелең қатерлері» сессиясы барысында, бірнеше елдердің мысалында заманауи нақты жағдайдағы қаржылық және инвестициялық саясат мәсе­лелерін талқылау жоспарлану­да. Капиталды тиімсіз ғаламдық бөлу, инвестициялардың кешік­тірі­луі және жылдам дамитын нарықтардан капиталдың жылыс­тауы сияқты ағымдағы қауіп-қатерлерге баға беріледі. Спике­р­лер өздерінің әлемдік эконо­мика­дағы рыноктар мен реформала­р арасындағы өзара қарым-қатынасы жөніндегі көзқарасын айтады. «Астана» халықаралық қар­жы орталығы әкімшілігі» АҚ, «Ғалымдардың Еуразиялық эко­номикалық клубы» қауым­дастығымен бірлесе отырып, «Қаржылық өсудің әлем­дік тәжірибесі: «Астана» халықара­лық қаржы орталығын дамытуға арналған механизмдер мен құралдар» сессиясын өткізеді. Мұнда АХҚО мүмкіндіктерін және АХҚО аймағына отандық және шетелдік инвестициялар ағымын ынталандыруды, АХҚО даму болашағын, соны­­мен бірге, шетелдік әлем­дік қаржы орталықтарын құру және дамытудың жетіс­тікті тәжі­ри­бесін қолдану мүмкін­дік­терін талқылау жоспарлануда. Сарапшылар пікірі бойынша, елде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруды есепке алумен, Қазақстанның, тек аймақтық саудалық қана емес, сонымен бірге, ірі саудалық мәмілелер мен төлемдер жүзеге асырылатын қаржылық хаб болуға барлық мүмкіндіктері бар. Форум алаңындағы маңызды тақырыптардың бірі банктер мен стартаптардың қаржылық технологияларының өзара қарым-қатынастары мәселелерін, мемлекеттің реттеу және қолдау, қаржылық технология құрал­­­дарын, сонымен бірге, Blockchain тех­нологияларының мүмкіндіктері мен болжам­ды қатерлерін қамти­тын «Қаржы­лық жаңа технологиялар» тақырыбы болады. Форум барысында тұрақты даму және экологиялық қатерлер мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. БҰҰ Даму бағдарламасы сессиясын ұйымдастырушылар, тұрақты даму және жасыл экономика қағидаларын іске асыруға көшу бойынша Еуропалық одақ қалаларының оң тәжірибелерін көрсетуге, сонымен қатар, көрсетіл­ген құралдарды, Қазақстан­ның су шаруашылығы саласына БҰҰ Даму бағдарламасы негізінде оңтай­лы қолдануға мүмкіндік жасамақ. Дәстүр бойынша форумның қонақтары арасында әртүрлі салалардағы Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Биыл форумға экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Эдвард Прескотт, Кристофер Писсаридес пен Томас Сарджент және басқа ғалымдар қатысуда. Астана экономикалық форумның «Spring Astana Economic School» арнайы бағдарламасы аясында Э. Прескотт, К.Писсаридес, Т.Сарджент лекция­лары жоспарланды. Динамикал­ық макроэконо­микаға қосқан үлесі үшін 2004 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған Эдвард Прескотт, АЭФ талқылаулары мен толық мәжілісіне ғана қатыс­пай, форум қатысушылары үшін лекция оқиды. Қазіргі кезде ол Миннеаполистің федералдық резервтік банкінде экономист және Аризона университетінің бизнес мектебінде профессор болып жұмыс істейді. Эдвард Прескотт математикадан бакалавр дәрежесін Суортмор-колледжінде, магистр дәрежесін Case-Western Reserve университетінде және доктор дәрежесін Карнега-Меллон университетінде алды. Ол «Economic Theory» бірлескен редакторы және Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының ғылыми қызметкері, сонымен бірге, Экономикалық динамика қоғамының бұрынғы президенті болып табылады. «Қазақстанның өсу стратегиясы» сессиясы барысында, экономика бойынша Нобель сыйлығының 2010 жылғы лауреаты Кристофер Писсаридес экономикалық өсудің заманауи трендтері мен экономикалық даму модельдері саласындағы сарапшы ретінде сөз сөйлейді. Ол экономикалық өсу стратегиялары саласындағы мәселелерді талқылау мен ұсыныстар жасауға, сонымен бірге, экономикалық дамуды ынталандыру механизмдерін жасау, енгізу және қолдану бойынша Қазақстан мен шетел мемлекеттері тәжірибелерін үйлестіруге қаты­сады. К.Писсаридес Лондон­ның экономика және саяси ғы­лым­дар мектебінде экономика кафед­расы­ның жетекшісі болып табылады. Сонымен бірге, сәйкес функция­лар тұжырымдамасын жасауға қатысты және ең алғаш процестің эмпирикалық тәуелділіктерін анықтады. Экономика институты сыйлығының иегері. АЭФ-2016 басты шаралары 10 халықаралық серіктестерімен, оның ішінде БҰҰ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйы­мы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Боао азиялық форумы хат­шылығы және басқа­лар­мен бірлесе отырып, ұйым­дас­ты­рыл­ғанын ерекше атап өткен жөн. «Егемен-ақпарат»