АҚТӨБЕ. 25 мамыр. Ақтөбеде "Жастар - ауыл ресурсы" І шекаралық ауыл жастары слеті өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оған еліміздің іргелес жатқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы мен Орынбор облысынан ауыл жастары қозғалыстарының көшбасшылары қатысты. Шара қонақтарының қатарында Нидерландыдан келген саяхатшылар да болды.
Ауыл жастарының алқалы жиынына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, слетке қатысушыларға құттықтау сөз арнады. Өңір басшысы кез келген мемлекеттің тірегі жастар екенін, сондықтан жастарға үлкен үміт артылатынын мәлімдеді. Мұндай кездесулердің олардың ой-өрісін кеңейтуге, азамат болып қалыптасуларына пайдасы зор екеніне тоқталды.
Өткізіліп жатқан шараның маңызы туралы «Жасыл ел» жастар еңбек тобы республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин әсерлі баяндады.
Орынбор облысы жастар саясаты департаментінің өкілі Сергей Тужников ақтөбелік жастармен бұрыннан тығыз байланыс бар екенін айта келіп, жастар саясатын жүзеге асыруда ақтөбеліктерде үлгі аларлық үлкен тәжірибе бар екенін де жасырмады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының дректоры Гүлжанат Ерғазина өңірде «Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен таныстырды және жастар кәсіпкерлігін дамыту туралы ойларын ортаға салды. Слет барысында ауыл жастары арасынан шаруалар мен бизнесмендердің, жастар ұйымдары көшбасшыларының жобалары таныстырылды. Шара барысында, сонымен бірге, республикалық «Гүлдене бер, туған ел!» марафон-эстафетасы акциясы және бейресми пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20