25 Мамыр, 2016

Алматы облысында жедел-құтқару жасағы жұмысын бастады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SONY DSC ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 мамыр. Алматы облысында су қоймаларында және   айдындарда судан зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсететін жедел-құтқару жасағы жұмысын бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыста жыл сайын жазғы шомылу маусымында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бекеттері жоқ жерлерде, адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар жиі орын алады.  Айталық, былтырғы   жылдың жазғы маусымына   жүргізілген статистикалық   мәліметке   сүйенсек, арнаулы құтқарушылар тобы   күзетінен   тыс су   айдындарында 79 адам қаза болса, олардың ішінде 16-сы балалар  екен. Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың су айдындарында демалуынан, шомылуға арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен, спирттік ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болатыны    белгілі. Жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшелері орналасқан су қоймаларында және   айдындарда судан зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсетіліп, былтыр 236 адам құтқарылды. Нұрбол   Әлдібаев. Дерек, фото: egemen.kz 25.05.2016 ALM-2