25 Мамыр, 2016

Көкше полицейлері бір әйелді қарақшыдан аман алып қалды

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

25-05-16-polis

КӨКШЕТАУ. 25 мамыр. Ақмола облысының орталығында полицейлер бір әйелді пышақпен шабуыл қарақшыдан құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиғаның жай-жапсары тәртіп сақшыларының көмегімен бір ажалдан аман қалған әйелдің департамент басшысы атына жазған алғыс хатынан кейін ғана белгілі болды. Ал бұл оқыс оқиға 13 мамыр күні түннің жарымында орын алған. Айтылған әйел үйіне жалғыз келе жатады. Ол Жамбыл көшесіндегі №134 үйдің жанына жақындағанда қараңғы қалтарыста қыз бен жігіттің тұрғанын көреді. Әйел сосын олардың жандарынан өтіп бара жатқанында жігіттің қызбен өзіне шабуыл жасай алатынын айтып, бәстесін тұрғанын естіп қалады. Жігіт осыны айта сала, әйелге қарай пышақ алып тұра ұмтылады. Ол пышақты мұның алдымен ішіне, сосын кеудесіне қарай сілтейді. Сол кезде есін жиып алған әйел бар даусымен айқайлайды. Оның айқайын сол маңда жүрген жол патрулі полицейлері естіп қалады да, дереу көмекке ұмтылады. Оқиға орнына тез жеткен тәртіп сақшылары мас бұзақының қолынан пышағын ұшырып түсіріп, өзін қамауға алады. «Мен үш баланың анасымын. Балаларымды жалғыс өсіріп келемін. Мен және менің балаларым өз өмірлерін қатерге тіге отырып, мені ажалдан аман алып қалған Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері Азат Шәріпов пен Нұрлан Омаровқа көрсеткен кәсіби қызметтері үшін алғысымызды білдіреміз», - деп жазады өзінің хатында Самал Ахметжанова. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.