25 Мамыр, 2016

Биыл Қазақстанда 121 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді (фото)

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-05-2016 songi konirau 1АСТАНА. 25 мамыр. Биыл Қазақстанда 121 мың 92 оқушы орта мектепті бітіреді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Білім және ғылым министрлігіндегі жоғары оқу орындары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаевтың айтуынша, мектеп бітірушілердің ішінде 83300 оқушы қазақ тілінде оқығандар, ал орыс тілінде – 37762. Сондай-ақ, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге 86991 түлек қатысады. Олардың арасында 63021 оқушы қазақ мектептерін бітірушілер болса, қалған 23970 оқушы орыс мектептерін аяқтап жатқандардан құралады. Аян Әбдуәли. Дерек: inform.kz. Фото: Орынбай Балмұратов. 25-05-2016 songi konirau 25-05-2016 songi konirau 2 25-05-2016 songi konirau 3