26 Мамыр, 2016

«Таланттар айлағы»

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтауда өткен картиналар көр­месі осылай аталады. Оған әртүрлі техникамен жасалған 200-ден астам жұмыс қойылған. Көрмеге қатысушы шеберлердің ең жасы 5 жаста болса, ең үлкені – 74 жаста. – Студиямызға түрлі жастағы адамдар мен түрлі мамандық иелері қатысады. Олардың арасында сурет салуды жаңадан бастағандар да, сурет салуда 5 жылдан астам тәжірибе жинақтағандары да бар. Бүгін біздің оқушыларымыз өздерінің шығармашылық жетіс­тіктерімен бөліспекші, – деді «Пристань» студиясының ұстазы Юлия Гладилина. Гүлнар Айтуеваның аталмыш студияда сурет салумен айналыса бастағанына бес жылға жақындап қалған. Студия ұстазы Инна Ермакова шара оқушыларды ынталандыра түсу үшін тек көрме түрінде емес, байқау түрінде де ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы