Қытай арманы – мәңгілік мәшрап» музыкалық қойылымы көрсетілді
Кез келген елдің дәстүрін дәріптеп, тарихын танытатын өзіндік өнер саласы болады. Ал театр – әлем елдерінің бәріне ортақ дүние. Өзіміз тамашалап қайтқан қойылым ұйғыр ұлтының салт-дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен хабар береді.
Аталған қойылымның бас режиссері әрі басты рөлді сомдаған ҚХР мәдениет қауымдастығының төрайымы, атақты ұйғыр ұлтының бишісі Ділнәр Абдулла болды. Ал «мәшрап» сөзінің мәні мен мағынасына келетін болсақ, бұл сөз ұйғыр тілінен аударғанда, «басқосу», «жиын» дегенді білдіреді екен. Оны ән-би мәшрапы, ойын мәшрапы, айтыс мәшрапы деген сияқты түрлерге бөлуге болады. Бұл негізінен ҚХР-дің Шыңжаң өлкесінде көп таралған.
Қойылымға ауыссақ. Жеті бөлімнен тұратын қойылымның алғашқысы «Бесік» деп аталады. Мұнда кішкентай нәрестенің дүниеге келуі, оны көпшілікке көрсетуі, ата-ананың қуанышы бейнеленеді. Сәби ержетіп, өнерге құштар болып өседі. Оның осы талабын байқаған әкесі баласын ұстазға ертіп барады. Сол жерде бала ұстаздың қойған сұрағына сүрінбей жауап беріп, күй тарту арқылы өз өнерін ортаға салады. Тамашалап отырғандар тамсана қол соғып, ұстаз оны өзінің шәкірті етіп қабылдап, талабын ұштайды.
«Жас талшық» деп аталатын бөлімде ұйғыр ұлтының салт-дәстүрі кеңінен суреттеледі. Олар өздерінің ғұрпы бойынша әр жылдың 21 наурызы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында сахнаға салтанатты түрде мәшраптың жас өнерпазын шығарып, оның өнерін тамашалауға жиналады. Бұл бөлімнің тағы бір мақсаты – көктемнің келуімен әлемнің жаңарғанын, табиғаттың тазарғанын көрсету. Одан кейінгі бөлім орман арасындағы демалыспен жалғасады. Онда шаруадан босағандар ән айтып, би билеп көңіл көтереді. Екі жастың үйлену тойы суреттелетін бөлім қойылымның қызығын қыздыра түсті. Ол жерден ұйғыр халқының үйлену тойындағы салт-дәстүрін көрдік. Әсіресе, басына кесе қойып билеген қыздардың биі елді ерекше күйге бөледі. Соңғы көріністе барлығы қосылып би билеп, ән салады. Оның негізгі мәні дәстүр жалғастығын дәріптеу, өнер сабақтастығын көрсету болып табылады.
Біраз жылдан бері Шыңжаң өнер театрының ән-би ансамблі әлемнің 90-ға жуық мемлекетін аралап, өз өнерін көрсетіп жүр. Аталған өнер ұжымының соңғы концерті 1 шілде күні Алматы қаласында өтетінін естеріңізге саламыз.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05