26 Мамыр, 2016

Көкшетауда соңғы қоңырауға 4 мың түлек қатысты

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-05-16-poslednii_zvonok

КӨКШЕТАУ. 26 мамыр. Бүгін Ақмола облысының орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында өткен мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау салтанатты рәсіміне 4 мың түлек қатысты. Бұл туралы Көкшетау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сүйенген  egemen.kz тілшісі хабарлады. Мерекенің қонақтары қатарында мектеп бітірушілер, олардың ата-аналары, педагогика ардагерлері, аймақтың құрметті азаматтары болды. Түлектерді Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин құттықтады. «Сіздердің алдарыңызда жауапты емтихан – Ұлттық бірыңғай тест тұр. Мен сіздердің бұл сынақтан абыроймен шығып, жоғары балл алатындарыңызға сенемін. Осы ретте өз шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбме бере білген ұстаздарға айтар алығысым көп, - деді аймақ басшысы. Ол өз сөзінде сондай-ақ биылғы түлектердің еліміз егемендігіне 25 жыл толатын уақытта мектеп бітіріп жатқандарына назар аударып, мұның жақсы нышан екенін атап өтті. Бұдан әрі салтанатты сәтті облыстың шығармашылық ұжымдары жалғастырып әкетті. Еске сала кетейік, биылғы жылы облыс мектептерін төрт мыңнан астам түлек бітіргелі отыр. Олардың арасында «Алтын белгіден» үміткер 181, үздік аттестатқа тапсыратын 65 мектеп бітіруші бар. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Көкшетау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.