Өңірде Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді тереңірек түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жақында облыста жер мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау қосындары ашылып, жұмыс істей бастады. Тек Ақтөбе қаласында ғана төрт қосын ашылды. Олардың барлығы жер мәселелерін түсіндіру мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылып отыр. Өңір басшысының бұл бастамасын жер реформасы бойынша үшжақты комиссияның, қоғамдық кеңес және өзге де қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қолдады. Қосындар Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарында орналасқан. Ақтөбеліктерді «Алаш жолы» қозғалысы, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар, атқарушы билік өкілдері қабылдап, жерге қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдауда.
Тұрғындарды қабылдап жатқан Бақыт Жаншаеваның айтуынша, облыстық филармониядағы қосынға 50-ден астам адам жолыққан.
– Азаматтарды жеке тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімдерін беру, жұмыспен қамту, өз шаруасын дамыту үшін несие алу, шаруа қожалықтарын ашу секілді түрлі сауалдар мазалайды. Яғни, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты сауалдар шын мәнінде аз, – дейді Бақыт Жаншаева.
Үшжақты комиссияның, ақтөбелік «Алаш жолы» бастамашыл қозғалысының мүшесі Көшкінбай Ахметов ақтөбеліктерді «Нұр Отан» ғимаратында орналасқан қосында қабылдады.
– Әрине, біз облыс әкімінің ұсынысын қолдадық. Мұнда облыстық комиссия, атқарушы орган, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Олардың әрбірі нақты жауап беріп, құзырлы органдардың назарына барлық ұсыныстарды жеткізбекші, – деп атап өтті ол.
Айта кету керек, азаматтарды қабылдау қосындарына барлығы 100-ден астам адам келген. Мұндай орындар облыстың аудандарында да ұйымдастырылған.
Үстіміздегі жылғы 3 мамырда жер мәселесіне байланысты облыста үшжақты комиссия құрылған болатын. Оған «Алаш жолы» қозғалысының белсенділері, саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері енді. Олардың мақсаты облыс тұрғындарынан келіп түскен барлық ұсыныстар мен тілектерді сараптап, республикалық комиссия қарауына жолдау болып табылады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше