Солтүстік Қазақстан – аграрлық жағынан қуатты облыс. Жалпы жер қоры 9804,3 мың гектарды құраса, ауыл шаруашылығына жарамдысы –7168,5 мың гектар. 3100 шаруа және фермер қожалығы мақсатты ауылшаруашылық алқаптарының 18 пайызын, 671 серіктестік 69 пайызын иеленеді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында жер қатынастары басқармасының басшысы Есенгелді Кәрібаев хабарлама жасап, жұртшылық тарапынан үлкен қоғамдық резонанс тудырған Жер кодексіне қатысты Елбасы айқындап берген нақты тұжырымдар төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Соңғы үш жылда 7055,7 мың гектар алқапқа түгендеу жүргізіліп, 278 мың гектар учаскенің пайдаланылмай жатқаны анықталған. Нәтижесінде 35,9 мың гектар жер учаскелері бойынша жалдау шарттары бұзылып, 205 мың гектары ауылшаруашылық айналымына енгізілген. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер санатында айдалмалы жерлер үлесінің төмендеуін болдырмау мақсатымен оларды босалқы жерлерден ауылшаруашылық айналымына тарту, тыңайған жерлерді игеру жұмыстарына басымдық берілген.
А.Сапаров жердің шетелдіктерге жалға ғана берілетінін, сатылмайтынын қадап айтып, қазіргі таңдағы өзекті мәселе Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен түзетулерді байыптылықпен жан-жақты түсіндіру болып табылатын атап көрсетті. Жерді тиімді пайдалану, қоректік заттармен байыту, құнарлылығын жоғалтпау қажеттігін еске салды. Аймақта бір гектар егістік жердің бағасы 55 мың теңге, жайылым 12 мың теңгеге жуықтайды. Бонитеті жоғары, топырағы қара шіріндіге мол өңірге ұсыныстар аз түспесі анық. Сол себепті жерлердің сапасы мен саны жағынан есептеуге мониторинг жүргізу, жер қорын тиімді пайдалану өте маңызды. Мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді орайымен қолдана білсек, табысымыз да молаяды, халықтың әл-ауқаты да артады, деді қоғамдық кеңеске қатысушылар. Бәрінің ойлары ауыл шаруашылығына арналған жерлер бос жатпауы керек деген ұсыныс-пікірлермен үндесті.
Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге орай тұрғындардың ұсыныс-тілектерін білу мақсатымен құрылған Gall-орталық жұмыс істегелі бірқатар пікірлердің жинақталып қалғанын аңғаруға болады. Солардың бірі Уәлиханов ауданы Қайрат ауылының тұрғыны Мәулет Айтмағамбетовтен түсіпті. Ол кезінде «Донское» ЖШС-нің иелігіне берілген ауылшаруашылық жерлерінің игерусіз қалғанын қынжыла жеткізген. Оған шаруашылықпен жалға беру келісімшартты бұзу үшін сотқа талап арыз жіберілгені, іс оң шешілген жағдайда жер учаскелері конкурстық негізде аукционға түсетіні жөнінде жауап берілген. Тайынша ауданы Қарағаш елді мекенінің тұрғыны Досымхан Сырымбет ауыл маңында жайылымдық жерлер қалмағанына алаңдаушылық білдірсе, Ғ.Мүсірепов ауданынан хабарласқан Сергей Питаев «Возвышенское» ЖШС-нен жарытып пай үлесін ала алмай жүргенін, көршілес шаруашылықтарда көп берілетінін алға тартқан. Петропавлдық Бекжан Есенов осыдан төрт жыл бұрын жер телімдерін алуға өтініш берсе де кезегі жылжымайтынын жазған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше