Мәліметтер бойынша, зират Халкидики түбегіндегі көне қала Стагир аумағында жатқан көрінеді. Әйгілі философтың жатқан жерін алғаш болып Костас Сисманидис есімді грек археологі анықтаған. Бұл туралы ол «Аристотель – 2400» атты конференцияда мәлімдеді.
Қазба жұмыстары 1996 жылы басталған. Содан күні бүгінге дейін табылған жәдігерлер Аристотельге тиесілі болуы мүмкін деген болжам ғана жасалып келген. Ал Костас Сисманидис жиын барысында қабірдің грек философына тиесілі екенін дәлелдейтін айғақтар тапқанын айтты.
– Біз Аристотельдің қабірін анықтадық. Сонымен қатар, қазба жұмыстары кезінде көне дереккөздерде айтылатын қабір мен құрбан шалатын орынды (алтарь) және адамдар жиналатын орынға жақын жерде жатқан табытқа апаратын жолды таптық», – деді Костас Сисмандис.
Оның айтуынша, зират Стагир қаласының солтүстігіндегі биіктеу жотаның қасында орналасқан. Айтпақшы, Аристотель біздің дәуірімізге дейінгі 384 жылы дәл осы қалада дүниеге келген. Тарихта ол Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның ақылшысы «бірінші ұстаз» деген атпен қалған. Формальды логиканың негізін қалаушы, философияның жан-жақты жүйесін қалыптастырушы әрі өз заманының дара данышпаны болған.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше