29 Мамыр, 2016

Нәрестесін арақ беріп өлтірген әйел 10 айға сотталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-05-16-malysh

АСТАНА. 29 мамыр. Ресейдің Ростов облысының соты нәрестесін арақ қосылған сүт қоспасын беріп өлтірген әйелдің ісін қарап, тиісті жазасын шығарды. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға жайында Ресей тергеу комитетінің аймақ бойынша ресми өкілі Галина Гагалаева айтып берді. Тергеудің анықтауы бойынша, Ростов облысы, Шолохов ауданының 24 жастағы тұрғыны Елена Сирота жаңа туған нәрестесін өліп қалғанынша арақпен суарып келген. Нәтижесінде 2015 жылғы 19 шілдеде жарық дүниеге келген шақалақ шыдай алмай, 23 тамыз күні жантәсілім еткен. Тексере келгенде, жас әйелдің өз сәбиіне сүт қоспасын берерде оған ұдайы арақты қосып отырғаны анықталған. «Сот Ростов облысында тұратын әйелді осы қылмысы үшін 10 ай колония-мекенде тұру жазасына кесті», - деді арнайы өкіл жұма күні агенттік тілшісіне. Өкіл сондай-ақ нәрестенің сот сараптамасы қорытындысы бойынша, екі өкпесі қабынуы мен алкогольді интоксинациясы қосылуы нәтижесінде қайтыс болғанын жеткізді. Осыған байланысты әйел абайсызда кісі өлтіріп алу бабы бойынша жазаға тартылды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Интерфакс.