«Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали жексенбі күні «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жеңімпазы атанды. Осы арқылы ол Халықаралық велосипедшілер одағының Әлемдік туры рейтингісінде 4-ші сатыға көтерілді.
Қазақстан велошабандоздарының лидері бұрнағы күні жарыстың соңғы кезеңін 6-шы болып аяқтағанымен, соның алдындағы 20-шы кезеңдегі алға суырылып шыққандағы артықшылығын сақтап қалды. Бұл оны жеңіске жеткізді. Осының нәтижесінде әлемдік рейтингіде 231 ұпаймен 42 саты ілгері жылжып, 46-орыннан 4-орынға бір-ақ секірді.
Италияның таулы-тасты жондарымен жортуда Нибали шапқан үстіне өрледі. Оның қарқыны мәре сызығы жақындаған сайын арта түсті. Жарыстың 20-шы кезеңінен кейін көш тізгінін қолына тигізгесін, сол үздік көрсеткішінен айырыла қоймады. Велошабандоз бұған дейінгі кезеңдерде көш бастап келе жатқан Orica GreenEDGE командасының спортшысы Эстебан Чавесті 52 секундқа артқа тастап кетті. Ал, жарыстың 20-шы кезеңінде «Катюша» командасының велошабандозы Рейн Таарамяэ жеңіске жетті. Екінші орында Дарвин Атапума (BMC Racing), үшінші болып АҚШ спортшысы Джозеф Домбровски (Cannondale) келді. Аталған көпкүндіктің соңғы сайысы дәстүр бойынша «достық кезеңі» деп аталып, барлық велоспортшылар мәре сызығын бірге кесіп өтті. Сондықтан Нибали «Джиро д’Италия» гранд-турының 2016 жылғы жеңімпаз болды.
Тегі италиялық велошабандоз өзінің спортшылық мансабында осымен екінші рет «Джироның» жеңімпазы болып отыр. Бұған дейін ол 2013 жылы осы көпкүндікте алдына жан салмап еді. Ал 2014 жылы «Тур де Франсты» ұтты. Осының арқасында «Тур де Франс», «Джиро д’Италия» және «Вуэльта Испания» атты үш Гранд-турда да жеңіске жеткен тарихтағы алтыншы велошабандоз атанды. Ал 2015 жылы Италия біріншілігінде екі рет топ жарды. Ол сол чемпионатта Леньяно мен Суперга тауларының арасындағы 219 шақырымды алғашқы болып бағындырды. Сондай-ақ, осы жылдың ақпан айында өткен «Оман туры» велокөпкүндігінде 130 шақырымды 2:25:25 жүріп өтіп, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз болды.
Енді Винченцо Нибали жайлы қысқаша тоқталып өтсек, ол 1984 жылы Италияның Мессина қаласында туған. «Акула» деген лақап атқа ие спортшы. 2013 жылдан бері «Астана» велокомандасының сапында өнер көрсетіп келеді.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05