Қазақстан мен Ресей шекарасында контрабандалық жүк мамыр айының басында ұсталған. Құжатта арматура, пластикалық құбыр деп көрсетілген қаптардың ішінен шақ болмаса өлуге қалған 7 мың тасбақа шыққан. Тасбақаларды тырбаңдап тіршілік белгісін білдірмес үшін аяғын арқасымен қосып скотчпен жапсырып тастайды.
Қазақстан өңірінен теріліп алған тасбақалар елге қайтарылмас бұрын Орынбордағы университеттің зоология кафедрасының оқытушылары оларды арнаулы бөлмеге орналастырып, биологтардың бақылауында болыпты. Тасбақалар естерін жиып, күш-қуат алғаннан кейін Қазақстанға қайтарылды. Олар мамандардың қатысуымен «Арыс-Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын аймағына жіберілді. Кейінгі кезде ешкімге зияны жоқ бауырымен жорғалаушыларға қиянат жасаушылар көбейіп кетті. Сондықтан тасбақалар еркіндікке жіберілердің алдында олардың сауытына қызыл бояу жағылды. Мұндағы мақсат, тасбақаға қастық қылғысы келгендерді үркіту әрі қызыл бояуы арқылы олардың әрі қарайғы тіршілігін зерттеу нысанға алынады. Алматыдағы зоологиялық институты қызметкерлері араға ай салып қайта келіп, тасбақалардың жаңа ортаны жерсінуін қадағалайды.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Бақыт Мұсалиев: «Негізінен ғылыми институт мамандарымен бірлесіп жынысын анықтап, келесі жылы осында қала ма, қалмай ма, соны білу мақсатында бояп, көлемін біліп, бәрін зерттеп, жіберіп жатырмыз», – дейді.
Адамның қатыгездігінде шек жоқ қой. Тасбақаны тағам ретінде пайдаланатын Қытай сияқты елдерде қайнап тұрған қазанға тірідей тастап жібереді. Байғұс аласұрып, жаны шығып кеткенше жас балаша шыңғырады екен. Керең құлақтар естімейді. Ал тасбақаның қарғысы қатты болады дейді. Бірақ ақша үшін бәріне баратын қаскөйлер ертеңгісін ойлап жатпайды.
Тасбақаның бұл түрі «Қызыл кітапқа» енбегендіктен, құқық қорғау органдарының да қолы қысқа. Айыппұл салады, сот жоқ. Соны біліп алған қаскүнемдер осындай тағылыққа ойланбастан бара береді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10