31 Мамыр, 2016

Қазақстан самбошылары Азия чемпионы атанды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31.05.2016 AST АСТАНА. 31 мамыр. Түрікменстанның Ашхабад қаласында самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Чемпионтта Қазақстан балуандары 5 медаль иеленді. Соның бесеуі де Қызылорда облысының спортшылары болды. Ересектер арасында Мақсат Исақабылов (100 кг) пен жастар арасында Жәния Махмұдова (68 кг) Азия чемпионы атанды. Жасөспірімдер арасында Дамир Әбдеков (60 кг) күміс жүлдегер болса, 75 килода Ләйлә Арыстанбек қола медаль алды.  Әйелдер арасында 56 килода сынға түскен Жансая Мұрат үшінші орынды иеленді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz