АСТАНА. 31 мамыр. Денсаулық сақтаудың саласындағы статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы 10 жылда Қазақстандағы туберкулез ауыруы 54,9 пайызға, ал өлім көрсеткіші 77,4 пайызға төмендеген. Алайда, медициналық мекемелерде осы дертке қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Прокуратура қызметкерлері еліміздегі денсаулық сақтау саласыдағы бірқатар медициналық ұйымдарға тексеріс жүргізіп, туберкулез профилактикасы бойынша атқарған шараларды анықтады.
Прокурорлардың айтуынша, медицина мамандары статистика ақпаратын бұрмалау, профилкатикалық іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көстету, науқастарды еркінен тыс емдеуді қамтамасыз етпеу секілді жүйелерде заң бұзушылықтар анықталған.
«Алматы облысы Талғар ауданындағы орталық емханасында 78 емделушінің флюорографиясы оң нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмеген. Жалпы жоспарлы флюорографиялық бақылауды уақтылы өткізбеу және сақтық шараларының болмауы туберкулезді асқынған кезде анықтауға алып келеді. Бұл жекелеген жағдайларда ауру адамның денсаулығына зиян келтіреді», – дейді прокурорлар.
Сонымен қатар, прокурорлар Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының орталық емханасына жүргізген тексеру барысында О есімді азамат дәрігерлердің салғыртығынан ауруханада қайтыс болған. Ол туберкулезге қарсы тексерістен өткенімен дәрігерлер өз қызметін тиісті атқармай, оған немқұрайлы қараған.
«Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тегеу жүргізіліп жатыр. Жалпы тексеру нәтижесінде, туберкулез ауыруына шалдығу күдігі бар адамдардың тексеруі уақтылы жүргізілмеген, толық тесерілмеген және т.б. 1028 дерек анықталды. Көрсетілген деректер сау адамдарға тікелей қауіп төндіреді», – дейді прокуратура қызметкерлері.
Таңдаулы тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оңашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды. Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестірілуде.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заң бұзушылықты және оның себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайдылықты болдырмай, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
• 31 Мамыр, 2016
Елімізде өкпе дертінен өлетіндер саны 77 пайызға азайды

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10