31 Мамыр, 2016

Қытайда шыны көпірдің құрылысы аяқталды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-05-2016 china АСТАНА. 31 мамыр. Қытайдың Хунань провинциясында әлемдегі ең ұзын шыны көпірдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұзындығы 393 метр болатын көпір ұлттық Чжанцзяцзе саябағында салынды. Ол жерден 300 метр биіктікте орналасқан. Ені – 6 метр. Мәліметтер бойынша, осы жылдың 1 мамырында ашылуы керек болатын. Алайда, құрылыс жұмысы созылып кеткендіктен бұл жоспар уақытында жүзеге аспады. Келушілер үшін ол шілде айында ашылады деп күтілуде. Себебі, бұл аймақта қазір нөсер жауын толассыз жауып тұр. Осыған дейін құрылысшылар оның шыдамдылығын тексеру үшін 100 рет сынақтан өткізген. Көпір 800 адамның салмағын көтере алады. Сонымен қатар, ауа температурасының өзгерісіне, жел соққан кездегі орнықтылығына қосымша тесттер жүргізілді. Айта кетейік, аталған жердің сұлу табиғатының арқасында туристердің саны жыл сайын артуда. Ал 2009 жылы Джэймс Кэмеронның режиссерлігімен түсірілген «Аватар» фильмінде дәл осы жердің табиғаты көрініс табады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: rosbalt.ru. 31-05-2016 china 1
Соңғы жаңалықтар