Жер реформасы бойынша республикалық комиссия жанынан төрт жұмыс тобы құрылғаны мәлім. Яғни қазіргі уақытта құқықтық, экономикалық түсіндіру және қадағалау блоктары жұмыс істеуде. Мен облыстық қоғамдық кеңестердің де дәл осындай үлгі мен бағытта жұмыс істеуі қажеттігі жөнінде ұсыныс айтқым келеді. Осы арқылы ашық ой алаңынан ағылған пікірлерді сараптау мен жинақтау оңайға түседі.
Бір сөзбен айтқанда, бұл арада «төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша ауылдардан бастап аудандық, қалалық және облыстық қоғамдық кеңестерге ұсыныс-пікірлер жолданатын болады. Тағы бір айтайын дегенім, жұмыс топтарының нақты мақсат- міндеттерін айқындап алған соң барлық ақпараттар мен деректерді жүйелеп отыруға мүмкіндік туады. Бұдан кейінгі кезекте бірқатар нормативтік құжаттарды ресімдеу ісі де аса қиынға соқпайды деген ойдамын.
Бұл құжаттар іс барысында бақылауға алынып, қажет жағдайда мәтінге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Көңілге тағы бір медеу тұтарлық жағдай республика өңірлерінде құрылған қоғамдық кеңестер әзірге таптаурындылықтан ада. Оның мүшелері нақты ой-пікірлерін іркілмей айта алады. Қоғамдық кеңестерде осындай емін-еркін ойталқы жүргізілетін болғандықтан, бұл ұйымдарға қоғамдық бақылау құзыретін берген жөн-ау деген ой туады.
Себебі, кеңес құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері бар. Республикалық комиссия ізіндегі жоғарыда аталған жұмыс топтарының қызметін жандандыру арқылы тұрғындармен кездескен кезде жүйелі түрде ашық пікір алысуға мүмкіндік туатынына күмән келтіре алмаймыз. Қысқасы, жоғарыда айтылған маңызды да мәнді мәселелерге орай бірқатар түсініспеушілік көріністерінің алдын алуға жол ашылатыны анық. Осы арқылы халықтың қоғамдық кеңестерге деген сенімі де нығая бермек.
Айгүл ТУРКИНА,
«Заман» Батыс Қазақстан облыстық өндірушілер қауымдастығының төрайымы
ОРАЛ
• 01 Маусым, 2016
Республикалық комиссия – қоғамдық кеңестерге үлгі

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10