Бұл өзі бұрынғы-соңғы өлең-жырларда аты көп кездесетін өзен. Кейбірін айта кетейік.
«Есілдің ар жағынан көрдім сені,
Сырғаңды қайық қылып өткіз мені».
«Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауады жаңбырмен араласып.
Шам сөндіріп барайын деген басым,
Ұйықтап өліп қалыппын қара басып».
«Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша,
Есілді өрлей біткен тал Қадиша».
Арқаның егіз еркесіндей екі су – Есіл мен Нұраның құйылысқан тұсында Тәуелсіз еліміздің Астанасы еңсе көтерді.
Біз Қазақстанның кіндік қаласында тұратынымызды мақтан тұтамыз. Тіпті, кейде астаналық «ауруымыз» ұстап, айналамызға астамси қарайтынымызды қайтерсің.
Мұнаралы Мәскеуіңізді де көргенбіз.
Паңданған Парижіңізге де барғанбыз.
Тұманды Альбионның алтын тұмарындай
Лондоныңызға да атізін салғанбыз.
Әрине бәрі әдемі. Көшелері көрікті. Ғимараттары ғажап. Тарихи мұражайлары таңғажайып. Қараптан қарап қайран қаласың.
Бірақ, жасы жиырмаға толмаған біздің елордамыздың да өзіндік ерекшеліктері жетерлік емес пе?! Адамның басын айналдырар даму серпінінен болар шаһардың болмысы байқалады. Дүниежүзінің дүлдүл сәулетшілері ұсынған ұтымды жобалардың арқасында көз қуантып, көңіл сүйсінтер көркемдік көкжиегі күннен-күнге кеңейе берері сөзсіз. Жалпы, жас атаулының алдыңғылармен салыстырғанда бір артықшылығы бар. Ол – болашағының әлі алда екендігі. Сондықтан Алаштың құтты ордасы алдынан ақ күн тууын тілейік, ағайын!
Астананы қақ айырып Есіл ағады. Оң жағалауында – ескі қала. Сол жағалауында – жайнаған жаңа аудандар. Жасыратыны жоқ, солжағалаулықтардың бір тамыры артық соғады. Сенбесеңіз, сөздеріне құлақ салыңыз.
«Бәріңіз білетін «Бәйтеректің» түбінен үй алдық». «Пәтеріміздің терезесі Парламент жаққа қараған». Дұрыс-ақ. Алайда, ана оң жағалаудағы бес қабатты бетон үй тұрғындарының да салтанатты сарайларда тұру туралы қиялдарын қисынсыз дей алмайсыз ғой. Талпынса, талайының ой-арманы орындалады.
Осы орайда қала басшылығы ұстанып отырған саясат көкейге қонады. Ескі нысандарды ебін тауып ысырып, олардың орнына заманауи заңғар құрылыстар салынуда. Қаржылық дағдарыс құрылыс қарқынын тежегеніне қарамастан, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл, әрине, жақсылықтың белгісі.
Құстың қуаты – қос қанатында. Оның біреуі ұзын, біреуі қысқа болса, аспанда еркін самғай алмайды. Ендеше, Есілдің арғы-бергі бетіндегі елордамыздың екі қанаты тең болғанына не жетсін, шіркін! Біз алдағы уақыттарда тұла бойы тұтасқан сұлулықтан ғана тұратын, ажары айдай әлемді тамсандыратын Астананы көргіміз келеді.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20