01 Маусым, 2016

Қарағандыда боздақтарға ескерткіш орнатылды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-06-2016 eskertkish ҚАРАҒАНДЫ. 1 маусым. Мамырдың соңғы күні Қарағандыдағы Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қаралы митинг өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жазықсыз құрбандардың аруағына тағзым ете келген көпшілік алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамет Әбдібеков сөз сөйледі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ сахарасында СтепЛаг, ҚарЛаг, АЛЖИР тәрізді талай жазықсыз жанның түбіне жеткен абақтылар жүйесі болғаны мәлім. Сол лагерьлерде Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен айдалған 5 миллиондай адам азап шекті. Қаралы жиын өткен Спасск кешенінде сол бір қасірет жылдарында қаза тапқан жандар жерленген. Кешенде түрлі ұлт өкілдерінің құрбан болған тұлғаларына арналған жиырмадан астам ескерткіш бар. Осы жолы заманында Қазақстанға жер аударылып, қуғын-сүргін көрген 107 мыңдай қарашай-малқар ұлтының өкілдеріне арнап мемориалдық белгі орнатылды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: egemen.kz. 01-06-2016 eskertkish 1