ҚАРАҒАНДЫ. 1 маусым. «Жасыл ел» жобасы қарағандылық студент жастарды жаз айларында еңбек етіп, табыс табуға шақырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс істеген әр адамға ай сайын 35-40 мың теңгеден жалақы төленеді. Оған қоса, маусымдық еңбеккерлер арнайы киіммен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық штабтың жетекшісі Нұргелді Омархановтың айтуынша, қазір 16 жастан асқан жастарды жұмысқа тарту шаралары жүріп жатыр. Жұмысқа, әсіресе, тәртібі қиын жасөспірімдерді алу, яғни олардың бос уақытын пайдалы еңбекпен алмастыру көзделіп отыр.
Биылғы маусымда «Жасыл ел» Қарағандының өзінде 250 жасты жұмыспен қамтиды. Олардың бәрі алатын жалақысын адал әрі сапалы еңбек етіп, маңдай терімен табуға міндетті. Бұл орайда қатаң қадағалау жасалады. Түлкібұлаңға салып, ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүргісі келгендерге тиісінше шара қолданылып, жалақысы қиылуы мүмкін.
Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасы қолға алынған он жылдан астам уақыт ішінде Қарағандыда 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Осы аралықта олар 300 мыңнан астам ағаш отырғызып, 2,5 гектар жерді өңдеген. «Жасыл ел» еңбеккерлері, сонымен қатар, арамшөптер жұлып, өсімдіктерді суару жұмыстарын да жүргізеді. Әлеуметтік жобаның аясында жастар соғыс және еңбек ардагерлерінің үй шаруасына көмектесіп, қолғабыс жасайды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: egemen.kz.
Фото: bnews.kz.
• 01 Маусым, 2016
Қарағандыда «Жасыл ел» жастарды жұмысқа шақырады

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05