Қостанай қаласының қақ төрінде туған жердің айбарындай Тайбурылына мініп, қолына көк сүңгілі найзасын ұстаған Қобыланды батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. «Қобыланды батыр» жырын оқымаған қазақ кем шығар. Қазақтың хас батыры әр қазақтың жадында ерлік пен елдіктің нышанындай жазылып қалған. Бой көтерген ескерткіші туған жердің әр сүйем жерін сыртқы жаудан қорғаған халқымыздың бар батырының бейнесі секілді елестейді. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланатын жылы ұлттық рухты аспандататын мұндай мазмұнды ескерткіштің Арқа төрінен орын алуы заңды еді.
– Еліміздің тәуелсіздігі, жеріміздің амандығы үшін күрескен ұлы бабалар ерлігін дәріптегенде ғана жас ұрпақты елдікке тәрбиелейміз. Сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды, Мәңгілік Ел боламыз, – деді ескерткіштің ашылу салтанатында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов. Белгілі академик Сағындық Сатыбалдин, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қайырымдылық қорының президенті Махмұт Нәлібаев Қостанай жұртын құттықтаумен бірге, қордың осындай игілікті істерге мұрындық болып отырғанын тілге тиек етті.
Бүгінде қордың еліміздің алты облысында филиалы бар. Демеушілер жинаған қаржының арқасында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында Қажымұқанға, Иманжүсіпке ескерткіштер орнатылды, өзге де қайырымдылық істер тындырылды. Міне, Қобыланды батырға орнатылған зәулім ескерткіш те қордың Серікбай Бейсетаев басқаратын Қостанай бөлімшесінің атқарған жұмыстары негізінде жүзеге асты. Тамаша туындыны мүсіншілер – ағайынды Әбдікәрім және Әбдімүтәліп Ахметовтер жасап шықты.
Қазақ халқының мәңгілік ерлік өнегесіне айналған, орта ғасырдың Алтын орда, Ноғай ордасы дәуірінің аса көрнекті тұлғасы Қобыланды батырға ескерткіш орнатылуына орай ұйымдастырылған республикалық ғылыми-практикалық конференция жалпы жиналған жұртшылыққа тағылымдық жағынан үлкен әсер етті. Оған елімізге белгілі жазушылар, тарихшы ғалымдар қатысып, терең де мазмұнды баяндамалар жасады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақтан»
ҚОСТАНАЙ

Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Бүгін, 20:30
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Бүгін, 20:10
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14