02 Маусым, 2016

Жалға берген жөн

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жапарқұлов-20-05Жазиралы Жар­кент жерінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша еңбек етіп жүрген жандармыз. Сөзді соз­бай бірден бас­тасам, мен жетекшілік ететін «Ернар» шаруа қожалығында қазіргі күні 49 жылға жалға алған 1825 га жер бар. Оның ішінде 1105 га жайылым, 720 га суармалы егістік. 720 га жердің 490 гектарына жемдік жүгері, 190 гектарына тұқымдық жүгері, 40 га алқапқа жоңышқа егілген. Құрылым элиталы жүгері тұ­қымын өндіруші шаруашы­лық болғандықтан негізгі бағыты егін шаруашылығы. Сонымен қатар, шаруашылықта 2788 бас ұсақ мал, 190 бас жылқы, 244 бас ірі қара бар. Ауылшаруашылық жер­лерін тиімді пайдаланып, құнарлылығын сақтап, әртүрлі эрозияға ұшыратпай егу айналымын сақтауға жауапкершілікпен көңіл аудару керек. Жер ауыл­шаруашылық өнімдерін өн­діру үшін негізгі қор болып есеп­телінеді. Жерді ұзақ жылдардан бері, яғни 15 жылдан жоғары күтімді пайдаланып келе жатқан тек қана қазақстандық шаруаларға, балл бонитетіне қарай және де орналасқан жеріне байланысты жердің құнының 50 пайызын 10 жылға бөліп, сатып алуына немесе қаражаты болмаған жағдайда, әрі қарай 49 жылға ұзартып беру жөнінде ұсыныс жа­сағым келеді. Бұл бірінші кезекте ауыл­шаруашылық саласында еңбек етіп жүр­ген диқандар үшін өте қолайлы. Бірақ халық арасында Жер кодексіне жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүр­гізілмегендіктен, алыпқаш­па әңгімелер тарап кетті. Десе де Елбасы туындаған мәселені дер кезінде ескеріп, халыққа ұна­майтын заңның қажеті жоқ­тығын айтып, мораторий жария­лады. Сонымен бірге, ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргі­зіп, халықтың пікірімен санасу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Өз басым Жер реформасы бойынша республикалық комиссия мүшесі ретінде Ел­басының бұл қадамы оң шешім болды деп есептеймін. Тасқын ЖАПАРҚҰЛ, «Ернар» шаруа қожалы­ғының төрағасы, Жер реформасы бойынша комиссия мүшесі Алматы облысы, Панфилов ауданы