02 Маусым, 2016

Туған анасын өлтіріп, соңынан өзін өлтірмек болды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-06-16-noj

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 маусым. Алматы облысының тұрғыны туған анасын өлтіріп, соңынан өзін де өлтіріп тастамақшы болды. Бірақ өзі аман қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір күдікті ролицейлердің күзетуімен ауруханада жатыр. Кісі өлтіру оқиғасы 30 мамыр күні Қапшағай қаласындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерлердің бірінде орын алды. Оқиға орнына келген полицейлер пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болған егде әйелдің денесі үстінен түсті. Шақырылған «жедел жәрдем» көлігі зардап шегушінің 36 жастағы ұлын ауруханаға алып кетті. Сөйтсе, оның да алған пышақ жарақаты бар екен. «Оқиғаны жан-жақты зерттеудің барысында зейнеткер әйелді өлім халіне жеткізген пышақ жарақатын салған оның ұлы екені анықталды. Кісі өлімі екеу ара орын алған ұрыс-керістің салдарынан болған. Анасын өлтіріп алғаннан кейін ер кісі өзінің ішіне пышақ салады. Бірақ өлмей аман қалған», - делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Қапшағай аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Нұрбол Әлдібаев. Дерек: Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.