02 Ақпан, 2011

Ертеңге сенімділік жалғастығы

369 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі мемлекетіміздің және ха­лықтың 2020 жылға дейінгі даму жолын бағдарлап беріп отыр. Әлеуметтік саланы қолдауға, рес­публика тұр­ғын­­дарын жұ­мыс­пен қам­ту­ға баса көңіл бө­лі­неді. Бар­лық өңірде қолынан іс келетін адамдардың жұмысқа тар­тылуы, жаңа маман­дық­тарға ие болуы атап өтерлік жәйт. Өйткені, еңбек еткен әрбір адам өзін де асырайды, отбасын да асырайды. Соны­мен қатар, мем­лекеттің алға басуына үлес қоса­тыны анық. Елбасы денсаулық сақ­­тауға, азаматтарымыздың са­ла­мат­­ты өмір салтын сақтауына баса назар аударылатынын ай­тып өтті. Әлеуеті артқан елдің тұрғындары да ұзақ жасауы тиіс. Мемлекет бас­шысы алдағы уақытта орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа және одан да жоғары межеге жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді. Соңғы үш жыл бойы зей­нет­ақы мен жәрдемақы, бюджеттік мекеме қызмет­кер­лерінің жал­ақысы өсті. 2009 жылы және 2010 жылы 25 пайызға көтеріл­ген болса, биыл 1 қаңтардан бастап зей­нетақы 30 пайызға артты. Ал биыл бюджет қызмет­кер­лерінің еңбекақысы 30 пай­ызға өсетінін және еске сал­ды. Айта кету керек, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде көптеген дәу­летті мемлекет­тердің өздері зейнетақыны да, еңбек­ақы­ны да қысқар­тып жатқанда, біздің ел­дің өсіріп отырғаны халық үшін айрықша оқиға. Елбасы өз сөзінде бұл «Нұр Отан» пар­тиясының бағдарламасымен де сәйкес келетінін, тіпті онда 2012 жылы осындай межеге жету көз­делген болса, біздер 2011 жылы қол жеткізіп отырғанымызды атап өтті. Тың бастаманың бірі – осы Жолдауда тұрғын үй-ком­мунал­дық шаруашы­лық­ты алға бас­ты­ру жайы жақ­сы көтерілді. Шы­нымен де, осы саланың күрделі мәселе­лері көптен бері халықты толған­дырып жүретін еді. Қар­жы­­ның жоқтығынан кейінге қа­лып келді. Көптеген қала­лар­дағы үйлердің ком­му­ни­ка­ция­сы тозған. Күр­де­лі жөн­деу­ден өт­кі­зу оңайға соқ­пай­ды. Ауыстыру да көп қар­жыны талап етеді. Ол үшін тұрғын үй-ком­му­налдық ша­руа­шылықты да­мыту бағдар­ла­масы қолға алынып, мемлекет қаржы инс­титуттарын тартатын бо­ла­ды. Елбасы  Үкі­­метке ор­тақ мүлікті жөн­деу және қал­пына келтіру жұ­мыс­та­рын кеңінен қар­жы­лан­дыру тетіктерін әзір­леу­ді тапсыр­ды. Осы арқылы біз­дің еліміздегі тұрғын үй жағ­дай­ын жақсартып қана қой­май, аза­маттардың өз мүлік­те­рін сақтау жауапкершілігін де арттыра алаты­нымыз анық. Елбасы тарапынан ауыз су мәселесі де орынды қоз­ғалды. Тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да су мәселесі өт­кір күйінде тұр. Су құбыр­ла­рын жөндеу, тиімді пайдалану мә­селелеріне баса көңіл бөлінеді. Қазақстан жаңа даму жо­лына түсті. Ол – индус­трия­лық-иннова­циялық даму бағ­дарламасы. Елбасы осы жоспар аясында 152 кәсіп­орын­ның ашылғанын, 24 мыңдай қазақстандықтың тұрақты жұ­мыспен қамтылғанын ай­тып өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылға дейін 8,1 трлн. теңгені құрайтын 294 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру жоспарла­нып отырғанын да жария етті. Соның нәти­же­сінде, 161 мың тұрақты жұ­мыс орны ашылып, 207 мың жұмыс орны құры­лыс мерзімі кезінде ашылатын бола­ды. Бұл ел тұрғын­дарының әлеуметтік жағ­дайы жақсара түсуі үшін ашылған даңғыл жол деп білемін. Қазақстандағы тұрақты­лық­тың сақталуы, ұлтара­лық келі­сім­нің жарасым та­буы әлемге үлгі болды. Со­нымен қатар, елімізге инвестиция келуіне оң ықпал еткені даусыз. Қазақстан эконо­микасына 120 млрд. доллардан астам инвестиция құй­ыл­ғаны – үлкен көрсеткіш. Бұл тұста Қа­зақ­стан Респуб­лика­сы­ның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұл­тан На­зарбаев­тың әлем алдындағы абы­ройы айрықша рөл атқарып отыр. Елбасы ана тіліміздің қа­дірін арттыруға байланысты да жақсы бастама көтерді. Мемлекеттік тілді білетін­дер­дің саны елімізде 70 пай­ыздан асқан. 2020 жылы ел тұрғындарының 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс екенін мәлім етті. Бұл орайда, соңғы жылдары ана тілімізде дәріс беретін мектептердің ашы­луын, «Балапан» бағдарла­масы аясында балабақшалар ашы­луын ерекше айтар едім. Тұрарбек АСАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.