АСТАНА. 4 маусым. АҚШ-тың Аризона штатына қарасты Финикс қаласындағы ауруханалардың бірінде әйгілі боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
NBC News телекомпаниясына даңқты боксшының қайтыс болғаны туралы мәліметті оның отбасының өкілі мәлімдеді.
Британиялық Mirror басылымы осыдан бірнеше күн бұрын Мұхаммед Әлидің тыныс жолдарының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Кейінірек дәрігерлер оның жағдайы тым ауыр екенін әрі өлім аузында жатқанын айтты. Боксшыны ауруханадан шығару туралы шешім қабылдамақ болған, бірақ бұл Мұхаммед Әлиге ауыр болады деген қорытындыға келді.
Айта кетейік, ол 1942 жылы 17 қаңтар күні АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында туған. Ауыр салмақ дәрежесіндегі кәсіби боксшы. Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Бүгінге дейін жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған жалғыз спортшы.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».
• 04 Маусым, 2016
Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында қайтыс болды

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше