АСТАНА. 4 маусым. АҚШ-тың Гарвард университетінің ғалымдары аудан спирт өндіріп шығару тәсілін ойлап тапты. Бұл туралы Forbes ақпарына жүгінген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Профессор Даниэль Носера генді инженерияның көмегімен Ralston eutropha деп аталатын бактерияны өндірді. Аталмыш бактерияның ерекшелігі, ол ауаның көмірқышқыл газын сутегімен араластырғанда, құрамында спирт бар затты бөліп шығара алады екен.
Ғалым өзінің бұл жаңалықты күтпеген жерден, кездейсоқ жағдайда ашқанын мойындады. Басында ол көмірқышқыл газы мен сутегіні өсімдіктер жапырақтарында болып жататын аденозинтрифосфатқа айналдырудың табиғи процесі имитациясын жасап көрмекші болыпты. Алайда, эксперименттер үдерісі оған бұдан да маңызды жаңалықты жайып салған көрінеді.
Сарапшылардың айтуларынша, Ralston eutropha атты ғажайып бактерия енді биоотын өндіру технологиясының да негізі болып қалуы мүмкін. Егер осы ойластырған нәрселер толық жүзеге асар болса, Америка ғалымының жаңалығы экология саласында да, экономика жүйесінде де өте жақсы істердің жасалуына жол ашып береді.
Қазіргі таңда биоотан жүгеріден, соядан, метаннан, қант құрағынан алынып жүр.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Forbes.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше