АСТАНА. 4 маусым. Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы республика спортшыларының допинг-тексерісіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы sports.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінгі күні Қазақстан Ұлттық олимпиялық комиетінен алынған мәліметке қарағанда, 2008 жылы Бейжің және 2012 жылы Лондон Олимпиялық ойындарына қатысқан қазақстандық бес спортшы «Б» допинг-тексерісінің қосымша зерттеулерінен өтіп жатыр.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында біздің спортшыларымыз туралы жарияланып жатқан әртүрлі ақпарларға қатысты мынаны мәлімдейміз: Халықаралық Ауыр атлетика федерациясынан, Халықаралық Олимпиялық комитеттен (ХОК) Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы тарапына біздің спортшыларымыздың тәртіптік шараларға тартылғандарын, дисквалификацияға ұшырағандарын, спорттық жарыстардан аластатылғандарын білдіретін әлдеқандай бір мәлімет келіп түскен жоқ», – делінген мәлімдемеде.
«Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы процеске қатысушы тарап болып табылмайды. Процесс тарапы ретінде Халықаралық Олимпиялық комитет пен Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитеті жұмыс жасауда. Осыған байланысты зерттеудің нәтижелері жөніндегі барлық ақпарат Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитетіне келеді», – делінген мәтінде бұдан әрі.
Мәлімдемеде қазіргі таңда Қазақстан ауыр атлетика құрамасының белгіленген күнтізбелік жоспарға сәйкес, спорттық-жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатқаны айтылады. Бұл күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиялық комитетінің өкілдері Лозаннада (Швейцария) жүр. «Бұдан арғы ақпарат пен процестің бүге-шігесі олардың келіп түсулеріне қарай беріліп тұрады», – деп мәлім етеді Ауыр атлетика федерациясы.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: sports.kz.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше