АСТАНА. 5 маусым. Мәскеуде белгілі халықаралық журналист, шығыстанушы-арабист Фарид Сейфуль-Мулюков 85 жасында өмірден өтті. Бұл туралы «Вести.Ru» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кезінде Кеңес Одағы тұрғындарына Орталық телевидениеден берілетін «Әлем бүгін» және «Халықаралық панорама» бағдарламаларының үздіксіз жүргізушісі ретінде жақсы танымал болған халықаралық шолушының неден қайтыс болғаны әзірге айтылып жатқан жоқ. Оның тек осыдан бірер күн ғана бұрын Ресей телеарналарының біріне сұхбат бергені ғана белгілі.
Фарид Сейфуль-Мулюков Өзбекстанда туып-өскен. Мәскеу шығыстану институтын үздік бітірген. 1964 жылдан Орталық телевидение және радиохабарларын тарату комитетінде саяси шолушы болып келді. Ол 1960-1970 жылдары сондай-ақ, кеңес телевидениесінің Ливандағы, кейінірек Швейцариядағы тілшілер бекетін басқарды.
Фарид Сейфуль-Мулюков Ресей өнеріне еңбегі сіңген қайраткер. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның қаламынан туған саяси сараптамалар бірнеше кітап болып жарыққа шықты. Соның ішінде «Иран бүгін және ертең», «Африкадағы португал отары» кітаптары оқырман қауымның жақсы ықыласына бөленді.
Марқұмды жерлеу 6 маусым, дүйсенбі күні өтеді.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Вести.Ru.
• 05 Маусым, 2016
Белгілі журналист Фарид Сейфуль-Мулюков қайтыс болды

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше