ҚАРАҒАНДЫ. 6 маусым. Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын түрмеден босап шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бауыржан Әбдішев экономикалық қылмыстар жасалды деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген», «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған» және «кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан» деген айыптар тағылған еді.
Алайда, облыстық соттың аппеляциялық алқасы бұл үкімді жұмсартып, жаза мерзімін үш жылға дейін қысқартты. Сотталушы түзеу мекемесінде 1 жыл 7 ай 25 күн отырып шықты. Түрмеде ол сотталушыларға арналған концерттерді ұйымдастыруға ат салысыпты. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық сабақтар бойынша оқу үдерісіне қатысып, сотталушылардың білім алуына көмектескен.
Бауыржан Әбдішевтің өтелмеген мерзімі – 1 жыл 3 ай 5 күн.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: egemen.kz.
Фото: qazaquni.kz.
• 06 Маусым, 2016
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі түрмеден босап шықты

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше