Облыстың мемлекеттік қызметшілері лейкемиямен ауыратын балаларға 200 литр қан тапсырды. Облыс әкімдігінің қызметкерлері өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Донор бол – өмір сүруге үміт сыйла» шарасына қатысты.
Мемлекеттік қызметкерлер жілік майының донорлары қатарына тіркеліп, донорлық қан компоненттерінің қауіпсіздігі үшін облыстық орталыққа қан тапсырды. Шараға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысты. Онымен бірге, 400 мемлекеттік қызметкер де игі іске атсалысты. Олардың әрқайсысы сырқат балаларға көмектесу үшін анкета толтыру, тіркелу, медициналық тексерістен өту және қан тапсыру секілді қажетті процедуралардан өтті.
– Мұндай акцияны біз балалар күніне байланысты өткіздік. Облысымызда лейкемиямен ауыратын 52 бала тіркеуде тұр. Әрине, мемлекет қажетті көмектерді көрсетуде, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді, қажет болса, алыс-жақын шетелдерге ем алуға қаражат бөледі. Біз осылайша олардың ем алуына өз үлесімізді қосқымыз келді, – деді өңір басшысы.
Облыс әкімінің бастамасы Ақтөбе қаласының мемлекеттік қызметкерлері мен 12 аудандарынан да қолдау тауып, мұндай иманды іске барлығы 2000-нан астам адам үлес қосуда. Мұндай жағдайда берілетін сыйақы да лейкозға шалдыққан балалардың еміне аударылады.
Бүгінде облыста өткір лейкоз диагнозымен 52 бала есепте тұр. Белгілі болғандай, қан ауруларының салдары өте жоғары, балалардың одан әрі дамуына кері әсер етеді, қан аздықтың салдарынан ішкі ағзалар функциялары, ең алдымен мидың қызметі бұзылады. Қан ауруларын емдеудің бір жолы – алмастырушы терапия есебінен қанды тоқтату және кез келген уақытта қажет болатын қан көлемін толықтырып отыру болып табылады. Бұл бағытта облыстың мемлекеттік қызметшілері тапсырған қанның көмегі көп болары сөзсіз.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53