07 Маусым, 2016

Футболдан Қазақстан – Қытай матчы: Нұрғалиев есеп ашты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.06.2016 AST-10 АСТАНА. 7 маусым. Қытайдың Далян қаласында футболдан Қазақстан мен осы елдің ұлттық құрамаларының арасында өтіп жатқан жолдастық кездесуде жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев есеп ашты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол 67 минутта қарсыластардың айып доп алаңында голды баспен соқты.  Осы голдан кейін ойын тартысты өтіп жатыр. Алаңда Таңат Нөсербаевты Роман Мұртазаев ауыстырды. Елдос Ахметов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар