* Қатысушылар лебізі
Сергей Вишняк, «Динарэлектромаш» ЖШС іс басқарушысы, облыстық мәслихаттың депутаты: – Бұл – адамдыққа жат әрекет. Мұның өзі біздің арамызда еліміздің егемендігіне, тәуелсіздімізге қауіпті адамдардың бар екенін көрсетті. Қарулы қарақшылық қаншама адамның өмірін үзді. Жат ағымдарға бой алдырғандардың зұлымдық әрекеті естіген адамның тұла бойын түршіктірді. Қаскөйлерді адам деп айтуға аузың бармайды. Еліміздегі дінаралық, ұлтаралық келісімге сызат түсіргісі келгендердің бұл әрекеті нағыз айуандық. Ешқандай мақсаты жоқ, біреулердің айтақтағанына ауа жайылып, адамдарға қару кезенген лаңкестерге аяушылық болмауы керек. Әрине, тәрбие жұмысында да ойланатын жайттар бар. Жат ағымға бой алдырудың арты не болатынын тағы да көріп отырмыз. Біздің арамыздағы ұлтаралық татулық пен өзара бірлікке сына қағушылармен ымырасыз күрес жүргізу керек. Бұл бағытта құқық қорғау органдарына үлкен үміт артылады. Десек те, қарақшылыққа, қаскөйлікке барша жұрт болып қарсы тұрғанда ғана оларды жеңе аламыз. Намаз ІЗІМБЕРГЕНОВ, медицина ғылымдарының докторы: – Кешегі қанды оқиға барша қазақстандықтарды мазасыздандырғаны шындық. Тыныш отырған ел едік қой. Ойламаған жерден ауыр қаза болды. Оларда ұлт та, дін де жоқ. Қазақ менталитетін, көзқарасын, мәдениетін ұстанған адам мұндай қадамға бармайды. Бұл – ислам дініне жат құбылыс дер едім. Олар діннің атын жамылып қасақана қаскөйлік ойын жүзеге асырмақ болды. Әрине, мұндай оқиғаның алдын алғанға не жетсін. Болған екен, оған қарсы тұра білу керек. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, әскери қызметшілер де лаңкестерге лайықты қарсы тұра білді. Біздің еліміздің қуаттылығын, қоқан-лоқыға берілмейтінін көрсетті. Мұндай оқиғаны болдырмау үшін еліміздегі өзара татулықтың тінін бекіте беруіміз керек. Бұл бағытта қазақ пен бірге өзге ұлттардың өкілдерінің де жауапкершілігі арта түспек. Светлана АЙТБАЕВА, облыстық мәслихаттың депутаты: – Қасиетті Рамазан айының басталар сәтінде бұған дейін тек жақсылығымен, бірлігімен, қарыштап дамуымен аты шыққан Ақтөбеде келеңсіз оқиғаның орын алуы бәрімізді қатты қиналтты, қандықол қарақшылардың қолынан мерт болған жазықсыз жандардың қапыл қазасы бәріміздің жүрегімізге өшпес жара салды. Ең өкініштісі, өзімізбен бірге бір топырақты басып, бір құдықтың суын ішіп жүрген жандардың өзімізге қарсы оқ атуы. Қазақ «іштен шыққан жау жаман» деп бекер айтпаған. Айрандай ұйып отырған елдің арасына іріткі болып, жат ағымдағы дінді насихаттап, өз жұртын өзіне жау көріп жүрген, мемлекеттігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп, кесірін тигізіп отырған мұндай қаскөйлердің бұл әрекеттеріне заң алдында да, Алла алдында да араша жоқ. Тарихты, салт-дәстүрді, ұлттық болмысымызды мансұқ ететін, «қой терісін жамылған» теріс бағыттағы діндарлардан халық әбден зәрезап болып отыр, шын мәнінде, шаршады. Халықтың наласына қалғандардың оңғанын көрген жоқпыз, бұларды да сондай нәубеттің күтіп тұрғаны айдан анық. Тыныш күнде тек жатқан елдің мазасын алған қарақшылардың мемлекетіміздің заңына сәйкес қатаң жазаланатынына сенеміз. Азат АЙМАҒАМБЕТОВ, Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінің бас имамы: – Өңірімізде орын алған лаңкестік оқиғалар – адами қасиетке де, дінге де жат қылмыс. Олар діннің атын жамылып жүрген, теріс ағымға бой алдырған адамдар. Сондықтан да, осындай қатыгездік қадамға баруының өзі олардың кім екенін көрсетіп, бет пердесін ашып берді. Дінді түсінбейтін, Құранды жетік білмейтін мұндай адамдардың бұзық ойларына біз қарсы тұруымыз керек. Ислам дінінің асыл мұраттарын уағыздауымыз керек. Мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында қаскөйлік қадамға барғандарды адам деуге аузың бармайды. Құранда адам өлтіру кешірілмес күнә саналады. Олай болса, жазықсыз жандардың өмірін қиған содырлар нағыз күнәһарлар екеніне шүбә жоқ. Аңырап ата-ана, көз жасын тыя алмай бала қалды. Алда мұндай оқиғаның алдын алу үшін мешіттердегі насихат жұмыстарын жандандырып, уағыз айтуда біліктілік пен имандылық танытуымыз керек. Сәния ҚАЛДЫҒҰЛОВА, облыстық мәслихаттың хатшысы: – Барлығымыз болған жағдайды ауыр қасірет ретінде қабылдадық. Бұл – адамшылдыққа жат қатыгездікпен жасалған әрекеттер. Осы жайт қылмыскерлердің өз мақсаттарына жету үшін қандай қадамдарға да баруға дайын екендіктерін көрсетіп отыр. Құқық қорғау органдары мен арнайы мақсаттағы күштердің әрекеттері ешкімге үрей тудыруға, бей-берекетсіздік пен жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермейтіндігімізді байқатты. Туған жерін, қаласы мен елін, туғандары мен жақындарын құрметтеп сүйетіндер, Отанының тағдырына шынайы жаны ашитындар қылмыскерлердің әрекетін бірауыздан тыныштығымызға төнген қауіп деп қабылдады. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің бағасы оны жоғалту қаупі туғанда анық сезіледі. Біздің әрқайсымыз мұны айқын түсініп, біліп отырмыз. Бүгінгі күні өңіріміздің қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты және облыс басшылығы мен құқық қорғау органдарының жіті бақылауында. Ал Ақтөбедегі террорлық акт салдарынан зардап шеккендерге, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасудамыз. Халел ҚұсаЙЫнов, экономика ғылымдарының докторы, профессор: – 2016 жылдың 5 маусымы күні Ақтөбе қаласында болған діни-экстремистік сипаттағы оқиға әрбір ел азаматын алаңдататындығы анық. Бұл – бейбіт халқы бар, достық пен ынтымақтастықты үлгі еткен ел үшін ойланатын нәрсе. Мемлекет басшысы ұсынған саясатының өміршеңдігі бірлік пен ынтымақтастықтың, татулық пен достықтың рухында. Кешегі оқиғаны туғызушы жастардың теріс ағымның шырмауына ілігіп, ел болашағының тек қана адамгершілікпен, достықпен, үлкенді сыйлаумен келетіндігін зерделей алмауы өкінішті. Қазіргі әлем жағдайын көріп отырғанымыздай, елдің тәуелсіздігі тек қана достықпен, татулықпен, бірлікпен сақталады. Ел болудың басты шарты өзіңді, үлкенді, Отанды сыйлау. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіне білетін адамға еліміздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Дін мен дәстүрді қатар бағалап, таза ұстау, тарихты білу, білімді болу, заман талабына сай еңбектену – бүгінгі жастар алдында тұрған басты міндет. Әрбір ата-ана болып, ел болып осы мәселені қолға алса деймін. Экстремизммен күресу мәселесі – адамзат, халық болып шешілетін нәрсе. Еліміздің, жұртымыздың тыныш та бейбіт өмір сүретіндігіне халық сенеді.Қауырсындары - сұп-сұр: Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
Табиғат • Бүгін, 00:13
Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр
Қоғам • Кеше
80-дегі қарт тізгіндеген көлік аударылып қалған
Оқиға • Кеше
Өрт: Қостанайда 25 адам эвакуацияланды
Оқиға • Кеше
Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті
«Таза Қазақстан» • Кеше
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Түркі елдері ынтымақтастығына - 15 жыл
Қазақстан • Кеше
Инклюзивті ойындар додасы өтті
Спорт • Кеше
Президент Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Кеше
TikTok мазмұнының көп бөлігі қауіпті – сенатор
Қоғам • Кеше
Отандасымыз Франциядағы Le Lion турнирінде топ жарды
Спорт • Кеше
«Sergek»: Биыл Семейде 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы болған
Аймақтар • Кеше
Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек
Мәдениет • Кеше
Сенат • Кеше
Елордада Күләш Байсейітованың құрметіне мұрал пайда болды
Мәдениет • Кеше
«Астана Опера» Шымкентте өнер көрсетті
Мәдениет • Кеше
Әлемдегі прогрестен шет қалмауымыз керек - Президент АЭС құрылысы туралы
Референдум 2024 • Кеше
Мемлекет басшысы: Қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Депутаттардың біліктілігін арттыру қажет
Президент • Кеше
Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті - Президент
Қазақстан • Кеше
Астанада жалған мөр басылған ет сатылған
Оқиға • Кеше
Қазақконцертте «Біздің жәрмеңке» ұлттық өнер мерекесі өтті
Мәдениет • Кеше
Жоғарғы Сот Төрағасы СӘХҚ президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Президент Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Бітімгер әйелдердің саны артады
Әйел әлемі • Кеше
Халықаралық келісімдер ратификацияланды
Үкімет • Кеше