08 Маусым, 2016

Қолды болған Электронды қолтаңба

352 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Paying for your goods on the internetБұл өзі әзілге ұқсағанымен, өмір­­­д­е болған оқиға деседі. Екін­ші дүние­­жүзілік соғыс кезі. Қыл­шыл­­­­да­ған ер-азамат соғыс­та. Тыл­дың бар бейнеті қыз-келін­ше­к­тер­дің мой­­нында. Бәрі қиындықты мойы­­­май көтеріп, азаматтарының аман-есен оралуын күтуде. Бірақ, адам­­­ның бәрі бірдей емес қой. Жар төсе­гі суымаған бір жас келіншек аудан­­­нан келген өкілмен ойнап-кү­ліп жү­реді екен. Бүгінгідей аборт жа­са­­­та­тын, жүктіліктен сақтанатын заман емес, құдай алдында еш күнә­сі жоқ екі-үш қарадомалақ дүниеге келеді. Соғыс бітеді. Ер-азаматтар орал­ған. Күйеуі әлгі келіншектен жауап алып отыр. – Мына бала кімдікі? – Сенікі. – Қалай. Мен соғыста жүрдім ғой. – Есіңде ме, сен сұранып елге келіп кеттің ғой, сол кезде көтергем. – Ал, мынау ше? Келіншек жауаптан тосылады. – Осы баланың қалай келгеніне апам да аң-таң, мен де аң-таңмын, – дейді сасқанынан. Әдеп жөніндегі кеңеске шақы­рыл­ған Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болатбек Әжіметовтің әрекеті осыған саяды. Ол Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берік Бекжановтың атына жазған түсінігінде серіктестікке заң талабын сақтамай аударылып кеткен ақша жайында: «Менің электронды қолтаңбамды есепші Нұрсұлтан Құлтаев сыртымнан пай­даланып кеткен» дейді. Ал бас маман-есепші Н.Құлтаев басты­ғының бұл қылығына аң-таң. Өзі рұқсат берген дейді. Енді осы жұмбақтың түйінін тарқатып көрейік. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тара­пынан Қазығұрт ауданындағы елді мекендерді газдандыруға жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, №797366-2 хаттамалық шешімімен жеңімпаз болып, «ЮгГазПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылған. Аталған хаттама негізінде Қазы­ғұрт ауданы Қақпақ АГТС-тен жет­кізу­ші газ құбыры және Қазы­­ғұрт елді мекеніне газбен қам­­та­­ма­сыз етудің ІІ кезегі үшін ЖСҚ әзір­леу, мемлекеттік сарап­та­ма­дан өт­кізу үшін бөлім бас­шы­сы Б.Әжіметов 2015 жыл­ғы 30 шілде­дегі №101 санды келісім­шартқа тұр­ған. Келісімшарттың құны 11 742 346, 42 (он бір миллион жеті жүз қы­рық екі мың үш жүз қырық ал­ты тең­ге қырық екі тиын) теңгені құрап, жұ­мысты тапсыру мерзімі 2015 жыл­дың 30 қарашасы болып бекітілген. Сонымен қатар, 2015 жылдың қазан айында 6 000 000 (алты миллион) теңгеге атқарылған жұмыс­тар туралы акт түзіліп, бөлім басшысы Б.Әжіметов 2015 жылдың 30 қазанындағы №4586502/15-862 санды төлем құжатымен «ЮгГазПроект» ЖШС-на 6 000 000 (алты миллион) теңгені аударған. Бұдан бөлек, 2015 жылдың жел­тоқсан айында 4 318 428 (төрт мил­лион үш жүз он сегіз мың төрт жүз жиырма сегіз) теңгеге ат­қа­рыл­ған жұмыстар туралы акт түзі­ліп, бөлім басшысы Б.Әжіметов 2015 жыл­дың 14 желтоқсанындағы №4586502/15-1062 санды төлем құжа­ты­мен «ЮгГазПроект» ЖШС-не 4 318 428, 42 (төрт миллион үш жүз он сегіз мың төрт жүз жиырма сегіз теңге қырық екі тиын) тең­­ге­ні аударған. Яғни, жалпы 10 318 428, 42 (он миллион үш жүз он сегіз мың төрт жүз жиырма сегіз теңге қырық екі тиын) теңге ауда­рыл­ған. Ал қалған 1 423 918 тең­­ге­ні мемлекеттік сараптамаға төлеу үшін 2015 жылдың 14 жел­тоқ­­са­нында жоғарыда аталған №101 ке­л­і­сім­шартқа қосымша 101/2 келісімшарт жасасып, мін­дет­темеден босатқан. «ЮгГазПроект» ЖШС орындау мерзі­мін кешіктіргені үшін 2015 жыл­дың 14 желтоқсанында айып­пұл салу жайлы акт түзіліп, 35 227 теңгені «ЮгГазПроект» ЖШС толық төлеген. Осыдан кейін, бөлім басшысы Б.Әжіметов 2015 жылдың 4 жел­тоқ­санында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Ұлттық экономика ми­нистр­­лігі Құрылыс, тұрғын үй- ком­­му­­нал­дық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруа­шы­лық жүргізу құқығындағы респуб­ли­ка­лық мемлекеттік кәсі­п­орны Оң­түс­тік өңірі бойынша филиалы мен Қазығұрт ауданы Қақпақ АГТС-тен жеткізуші газ құбыры және Қазы­ғұрт елді мекеніне газбен қам­та­масыз ету құрылысы жұмыс жоба­сы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арнал­ған №19-0779 санды электронды шарт жа­сас­қан. Шарттың құны 1 423 918 теңге болып, аяқтау мерзімі 45 жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құраған. Осы шартта жалпы құнның 30 па­йы­зын, яғни 427 175, 40 теңгесін алдын ала төлем жүргізуге, ал қал­ған 70 пайызын, яғни 996 742, 60 тең­гесін орындаушы жұмысты аяқ­таған­­нан кейін және орындалған жұ­­мыстың тапсыру-қабылдау акті­сі­­не тапсырыс беруші қол қой­ған­нан кейін түпкілікті есеп айырысу мін­дет­теліп, Қазығұрт аудандық қазы­на­шылық басқармасына тіркелген. Бөлім басшысы Б.Әжіметов 2015 жылдың 18 желтоқсанында Мем­сар­аптама РМК-мен жасалған шартың жалпы құнының 30 пайызын, яғни 427 175, 40 теңгесін есеп­шотына аударып берген. Ал Мем­сараптама РМК-ның 19 желтоқсан 2015 жылы жолдаған №19-0779 сан­ды төлем шотында қалған 996 742, 60 теңгені толық төлеуді сұраған. Осы төлем шотына сәйкес, электронды тәртіппен бөлім басшысы Б.Әжіметовтің электронды қолтаңбасымен Мемсараптама РМК-ға жасалған шарттың жал­пы құнының 70 пайызын, яғни 996 742, 60 теңгені 2015 жыл­дың 25 желтоқсанындағы №4583502/15 төлем құжатымен толық аударып берілген. Алайда, аға тер­геу­ші С.Құраловтың 2016 жылдың 10 наурызында қорғалуға құқы­­­ғы бар куәдан жауап алу хат­та­­ма­­сында бөлім басшысы Б.Әжіметов бөлімнің бас маманы – есеп­шісі Н.Құлтаев электронды қол­таң­баларды, соның ішінде менің элек­­трон­ды қолтаңбамды қол­да­нып, шарт­тың жалпы құны­ның 70 пайы­зын, яғни 996 742, 60 тең­гені №4583502/15 төлем құжа­ты­мен то­лық аударып жібергенін көрсеткен. Осы орайда анықтайтын бір жайт, Қазығұрт ауданы әкімінің 2015 жылдың 27 мамырындағы №25 өкімімен бөлім басшысы Б.Әжіметовке бірінші қол қою құ­қығы бекітіп берілген. Ал Қазақ­­стан Рес­пуб­ликасының 2003 жыл­­ғы 7 қаңтардағы №370 «Элек­­­трон­­­дық құжат және элек­трон­­­дық цифр­лық қолтаңба туралы» Заңы­ның 10-бабының 2-тар­мағын­да электрондық цифр­лық қол­таң­баның жабық кілттері оларды заң­ды негіздерде иеленетін тұлға­лар­дың меншігі болып табылатыны жазылған. Тұлға әртүрлі ақ­па­раттық жүйелерге арнал­ған элек­трон­дық цифрлық қолтаң­ба­ның жабық кілттеріне ие бола ала­ды. Электронды цифрлық қол­таң­­ба­­ның жабық кілттерін басқа тұл­ға­­­лар­­ға беруге болмайтындығы көрсетілген. Демек, бөлім басшысы Б.Әжіметов Қазығұрт ауданының таби­ғи газбен қамтамасыз ету құры­­­лыс жұмыстары жобасы­на мем­лекеттік сараптама жүр­гізу ба­рысында «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік қыз­меті туралы» Заңның 50-бабы 1-тар­ма­ғының 4-тармақшасында шешім­дер­ді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені байқалады. Әдеп жө­нін­дегі кеңесте осы мәселе көтерілді. Сонымен, Б.Әжіметовтің элек­трон­ды қолтаңбасымен толық біт­пеген жұмысқа шарттың жалпы құнының 70 пайызы төлем құжаты­мен толық аударылып беріл­ген. Қолтаңбаның жабық кілті заңды негізде жеке тұлғаның меншігі болса да Б.Әжіметов бас маман-есепші Н.Құлтаевты айыптап отыр. Ал ол өз кезегінде бөлім басшысының келісімімен аударылғанын айтады. Болатбек Әжіметов Әдеп жөнін­дегі кеңестің отырысына келген жоқ. Бір қызығы, кеңес отырысына арнайы келген аудан әкімі Б.Әжіметовті таңертеңгілік жұмыс орнынан көргенін айтады. Түске дейін өз бөлімінде денсаулығы дыңдай болып қызмет істеген Б.Әжіметов түс қайта еңбекке жарам­­­сыз­­дық қағазын алып үлгеріп­ті. Бұ­ған аудан әкімінің аң-таң бол­ға­нын қосыңыз. Осындайда денсау­­лық сақтау бөлімінің еңбекке жа­рам­­сыз­­дық қағазын оңды-солды тара­та беретіндігі күмән туғызды. Сарыағаш ауданында соңғы бес-алты жылда үш әкім ауысты. Аудандық білім бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алуда және басқалай негізгі міндеттерінде кем­шіліктер жіберген. Сол үш аудан әкімі сол бөлім басшысын тәртіп­тік кеңес отырысына бір әкеле алмай кетті. Әлгі азамат еңбекке жарамсыздық қағазының мерзімі біте бергенде жарты күн жұмысқа келіп, әкімдіктер қамданып үлгер­ген­ше қайтадан бюллетень алып шығып кетеді екен. Тәртіптік кеңеске ай­дауыл арқылы әкелдіру сөз бол­ғаны­мен, жарты күн жұмыста отыр­май­тын басшы өз еркімен кетіп, екі жақ та тынышталды. Оның суға сал­са батпайтындығы, отқа салса жан­бай­тындығы Астанадағы бір дөкейдің ықпалынан деген әңгімелер айтылатын. Су, күн өткізбейтін «шатыр азамат» бұл жайлы біле ме, ол жағы беймәлім. Сарыағаш аудан­дық білім бөлімінде талай жағым­сыз оқиғалар орын алды. Алайда, білім бөлімі бастығының міндетін ат­қа­ру­шы азаматтың да «шатыры» мықты деседі. Ал Әжіметовке қайта оралсақ, Әдеп жөніндегі кеңес оны аудан әкіміне келесі отырысқа қолынан жетелеп әкелуді тапсырды. Тағы да еңбекке жарамсыздық қағазын алып үлгермесе, ешкімге беруге болмайтын электронды қолтаңбасының қалай қолды болғанын түсіндіруі тиіс болады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы