08 Маусым, 2016

Парасат үндеуі

340 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Hand made earth toy on handsҚазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» манифесінен туындаған ой

2016 жылдың маусым айы­ның басында маған Қазақстан Рес­публикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХI ға­сыр» манифесімен танысудың сәті түсті. Ұсынылған манифест бар­лық ұстанымы тұрғысынан бірегей болып табылады. Оның көлемі үлкен емес, алайда, мазмұны жә­не бүгінде әлем халықтарын тол­ғандырып отырған аса маңызды мәселелерді қамтуы соншалық ауқымды. Нұрсұлтан Әбішұлы өз мани­фесін 2016 жылы 31 наурызда қа­зіргі заманғы дүниежүзілік сая­сатты қалыптастырудың кіндік орталықтарының бірі Вашинг­тон қаласында жариялады. Қа­зіргі кезеңде әлемдік тайталас­тың ушыға түсуі ахуалында ха­л­ық­аралық жағдайдың күрет­а­мырлы мәселелерін сипаттай­тын манифестің дер кезінде жария­ланғанын айтар едім. Президент Н.Ә. Назарбаев әлемдегі жағдайды ушықтыруға түрткі болып отырған әртүрлі факторларды талдай отырып, жетекші елдердің лидерлеріне алаңдаушылықпен және шынайы ниетімен қазіргі әлемдік құрылыс жүйесіндегі теңгерімсіздікті одан әрі болдырмауға және халықаралық қауіп­сіздікті нығайтуға бағыт­тал­­ған батыл шараларды қабыл­дау­ға шақырады. Бұл орайда Пре­зи­дент Н.Ә.Назарбаев біздің пла­нета­мыз­дың әлемдік құрылысына қатер төндіретін жаһандық және аймақ­тық өзгерістер орын алып жатқан­ды­ғының күмәнсіз ақиқаты анық бай­қалып тұрған үстіміздегі жаңа мың­жылдық маңызды сая­си, әске­ри және гуманитарлық оқи­ғалар­ға «бай» екендігін алға тар­тады. Нұрсұлтан Әбішұлының пікі­рінше, бейбітшілік пен халық­аралық қауіпсіздікке қазіргі қа­терлердің мүмкіндігі мен әрекеті бұрынғылардан әлдеқайда қауіпті. Олар ХХI ғасырда жаһандық сипат алып, өзге қауіпті сегменттерден тұрады. Осы жағдайды ескере отырып, манифест авторы бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті жаһандық ынтымақтастыққа қол жеткізу арқылы қамтамасыз етудің сындарлы жолын ұсынады. Нұрсұлтан Әбішұлы дүниежүзілік қо­ғамдастыққа жер бетіндегі өрке­ниет 15 мың соғысты, демек, әрбір жылға шаққанда 3 соғысты басынан өткергендігін ескертеді. Олай болса, елдер лидерлерінің бүгінгі буыны жаһандық ауқымдағы қиратушы жаңа соғыстардың болуына жол бере ала ма? Анығында, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатерді милитаризм, терроризм тәрізді келеңсіз құбылыстардың жандануы, қоғамдық санадағы және ұрпақтар ақыл-ойындағы күйреушіліктің күшеюі, моральдық және рухани құндылықтардың әлсіреуі сияқты көріністердің етек алуынан көреді. Оның үстіне, тайталасты текетірестердің арту үдерісі жалғасуда, сонымен бірге, мемлекеттер арасындағы мүдделер сәйкестігінің алаңы тарыла түсуде, олардың қауіп­сіз­дік саласындағы табысты ықпал­­дастыққа бағытталған халық­­аралық ынтымақтастыққа ұмты­лысы төмендеп барады. Манифест авторының ойынша, «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт­тың өз мәнін орындамауы» фактісі дәл осы үдерістермен бай­ланысты. Терроризм проблема­сын көтере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы халық­аралық және ұлттық қауіп­сіздіктің ірге­сін шайқалтушы күр­делі фактор­лардың бірі ретінде оның зұлым­дық сипатын айқара ашады. Шын­дығында, терроризм ұлттық ау­қымнан шығып, қазірде халық­аралық деңгейге жетті, өзінің зұлым ісінің жағрафиясын кеңейт­ті, енді ол меркантильді ғана емес, саяси мақсаттарды көздеуде. Бұл арада оған қазіргі заманғы коммуникация, техника мен технология көмектесуде. Ол қалалар мен ауылдарды қиратудың, сондай-ақ, адамдарды жоюдың жаңа қаруына ие. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке төніп тұрған қатерді назарға ала отырып, манифесте Нұрсұлтан Әбішұлы жетекші державалар арасындағы қайшылықтардың ушығып кетпеуін және олардың арасындағы текетірестің қызуын төмендетуді ұсынады. Бұл тұрғыда Президент XXI ғасырда адамзат өзін өзі демилитаризациялау бағытында батыл қадамдар жасауы қажет деп санайды. Олай болмағанда, оның ойынша, біздің ғаламшар «адамдар қалмаған радиоактивті материалдардың үлкен қоқыс мекеніне» айналуы мүмкін. Қазіргі заманғы әлемдік құрылыстың ахуалы туралы барынша сенімді тұжырымдарын алға тартқаннан кейін, манифесте халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша үш маңызды міндет анықталады. Біріншіден, болашақ жаһандық соғыста жеңімпаздар болмайды және бола да алмайды, онда бәрі ұтылады. Екіншіден, манифест авторының пікірінше, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қаруды – ядролық, химиялық, биологиялық және басқаларын пайдаланбау мүм­кін емес. Егер бұлай болатын болса, онда күллі адамзаттың жойылуы анық. Манифестегі бұл алаң­дау­шылық жетекші елдердің бүгін­гі лидерлеріне және жалпы адам­зат­ты сақтандыру ретінде жарияланған. Одан кейін манифесте бей­біт­шілікке қарай қозғалыстың және ғаламшарды ядролық, сондай-ақ, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлерінен азат етудің негізгі бағыттары белгіленген. Бұл орайда автор Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздануды шешуге қосқан үлесін әлемдік қоғам­дастықтың есіне салады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдануы тарихи маңызға ие боларлық бірқатар бастамаларын ұсынады. Манифесте жарияланған бастамаларды жүзеге асыру аясында Нұрсұлтан Әбішұлы ядролық державалар лидерлерінің және БҰҰ-ның назарын аударады. Бейбітшілікке қарай қозға­лыстың келесі бағытында Пре­зи­дент ядролық қарудан азат алты ай­мақтың бар екендігі жөнінде айтады. Бұл арада бір мезгілде ол Таяу Шығыста ядросыз аймақ құруға бағытталған халықаралық күш-жігердің одан әрі қарқын алуы міндетін қояды. Осы ой Қазақстан Республикасының 1992 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде көтерген өзге бастамаларымен де үндеседі. Айтқандай-ақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өз уақытында елеулі резонанс туғызып, көптеген елдердің жетекшілері тарапынан кеңінен қолдау тапқан еді. Манифесте Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттердің  милитаризация­лануын және олардың блок­тық жүйесін өзінің қабылда­май­тындығын білдіреді. Қазақстан басшы­сының пікірінше, мемлекет­тердің блоктық құрылымы қауіпсіз­дікке қатер әлеуетінен ада емес. Әскери блоктарға, деп санайды ол, бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзі­нің жауапкершілігін әрдайым сезі­не бермейтін әртүрлі мемлекеттер кіреді. Осыған байланысты манифесте әскери блоктарға БҰҰ аясындағы мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақ­­­тылық және қауіпсіздік үшін жаһан­дық коалициясын қарсы қоюға қатысты нақты тұжырымдар жасалған. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің келешекте да­муының көкжиектерін қарусыз­дану үдерісі арқылы көреді. Бей­бітшілік қозғалысының әртүрлі бағыттарын қарастыра отырып, манифесте анығында соғыстар мен жанжалдардың күретамырлы себептерін жоюдың жоспары ұсы­нылған. Қазіргі заманғы әлем­дік құрылыстың осы және өзге де өзекті проблемалары Қазақ­стан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессия­сындағы «Жаһандық стратегиялық бастамалар – 2045» атауымен сөйлеген сөзінде жан-жақты баян­­далған. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің ұсыныстары мен бастама­ларын БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына жүзеге асыруды ұсынады. Манифесте айтылған ұсыныстарды қорытындылай келе, Президент Н.Ә.Назарбаев мемлекеттер  лидер­лері­нің адамзаттың болашағы үшін жауапкершілігіне назар аударады. Тап олардың ақыл-ойға құлақ түргендері абзал және әдетте соғыс өртінің тұтануына апаратын шиеленістердің ешқан­дай жағ­дайда өсіп тарауына жол бермеуі тиіс. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, биліктегі жылдары барысында Президент Н.Ә.Назарбаев шын мәнінде халықаралық және аймақтық проблемалардың әртүр­лі бағыттары бойынша жаңа идеялардың генераторы бол­ған­­дығын атап өткім келеді. Оның бас­тамалары әрдайым терең дәйек­телген және өмір­дің өзекжарды талаптарына сай келеді. Бұл орайда оның пост­кеңестік кеңістіктегі интегра­циялық үдерістер және аймақтық құрылымдарды қалып­тастырумен байланысты жан-жақты негізделген бастамаларын еске салудың өзі жеткілікті. Нұрсұлтан Әбішұлы – болмысында бейбітшілікке үндеуші бітімгершіл тұлға.  Ол барша әлемдегі болып жатқан оқиға­ларға ғана емес, сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі жағдай­ларға да ешқашан немқұрайлы қарап көрген жоқ. Тәжікстанда азамат соғысы өрті тұтанғанда, ол тәжік жерінде бейбітшілік пен ұлттық келісімді орнату үдеріс­теріне тікелей қатысқан лидер­лердің бірі болды. Қорыта келгенде айтарым, Нұрсұлтан Әбішұлының жарқын да қауырт қызметі мәселелерді көтерумен ғана шектелмейді, ол әрдайым өзінің ұсыныстары мен бастамалары нақты шындыққа айналғанына ұмтылады. Ол білім мен парасат деңгейі аса жоғары саясаткер ретінде келешектің ай­қын бейнесін көре біледі. Бұған дейін айтқанымыздай, Нұр­сұл­тан Әбішұлының барлық бас­та­малары қазіргі заманның әске­ри-саяси жағдайының ахуалы тұр­ғысынан, оның әртүрлі бағыттар­дағы қоз­ғалысын ескере отырып қарас­ты­рылады. Мұндай жүйелі-кешен­дік ұстаным манифест авторына бүгінгі әлемдік құрылыстың, оның жетістіктері мен кемшіліктерін қоса алғандағы бейнесін көріп те сезінуге мүмкіндік береді. Президент Н.Ә.Назарбаев әлем­дік ауқымдағы тәжірибелі сая­саткер әрі мемлекет қайраткері ретін­де халықаралық оқиғалардың күре­та­мырларын әрдайым қапы­сыз сезінеді және жағдайды терең талдауға, оның барлық түйткіл­дері мен қалтарыстарына терең көз жет­кізуге ұмтылады. Ол, шын мәнінде, ХХІ ғасырдағы халық­аралық саясаттың патриархтары деп санауға болатын ықпалды мемлекеттік қайраткерлердің бірі. Тарихты Нұрсұлтан Әбішұлы сынды адамдар жасайды. Талбек НАЗАРОВ, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі (1994-2006 ж.ж.), Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының  академигі ДУШАНБЕ