08 Маусым, 2016

Қорытындылар қуантады

334 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
6-16Халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бүгінгі таңда 45 миллиард теңгеге бірқатар шетелдік компаниялар және қазақстандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасты. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың басшылығы, сон­дай-ақ, еншілес ұйымдардың же­тек­шілері қорғаныс-өнер­кә­сібі кеше­нінің өкілдері жә­не шетел мемлекеттерінің же­тек­ші қару-жарақ пен әскери өн­ді­рушілерімен 40-тан аса кездесу өткізді. Сонымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-пен келіссөз жүргізу нәтижесінде «405-АЖЗ» АҚ және «Ресей тікұшақтары» АҚ ресейлік өндірістің тікұшақ техникасына сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді кеңейту мақса­тында 2020 жылға дейінгі кезеңге бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен ресейлік «Қорғаныс жү­йелері» «Репеллент» шағын көлемді ұшқышсыз ұшу аппарат­тары және «Автобаза-М» жерүсті радиотехникалық барлау кешені бар радиоэлектрондық күрес к­е­шен­дерін жеткізу аясында келі­сім жасасты. «КАЕ» ЖШС «СТТ ҒЗИ» АҚ-пен (РФ) көздеуіш кешендеріне жылувизиялық камераларды кі­рік­­тіру туралы белоруссиялық «Пеленгпен» ҰҰА-ға әрі қарай кі­ріктіру үшін инфрақызыл линзалар мен жылувизиялық камералар­ды жеткізу туралы тиісті құжатқа қол қойып, ымыраға келді. «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ пен «Elcom innovations» үнді компаниясы көрме алаңында радиоэлектроника және байланыс аясындағы ынтымақтастық туралы, «ПЗТМ» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС және израильдік «Elbit Systems» компаниялары кері серпілісті құрылғылар мен механикалық жетектері бар 120 мм мина атқыш негізінде жүйені өндіру бөлігінде меморандум жасасты. «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ пен испаниялық «SAES» ком­пания­лары теңіз миналарын бір­лесіп өндіруді меңгеруді жо­­с­парлап отыр. Бұл туралы мемо­рандумға компания басшылары «KADEX-2016» көрмесінің екінші күні барысында қол қойды. Ірі келісімшарттардың бірі – Мьянмаға конверсиялық техниканы жеткізу болды. «Семей ин­жиниринг» АҚ «MCM Pte Ltd» өкілдерімен келісімшарт жасасты. Әскери және азаматтық мақсаттағы жаңғыртылған техни­каның экспорты туралы тағы бір меморандумға болгариялық «М­еталика – АБ ЕООД» компания­сымен қол қойылды. «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ға (ҚАИ) Ми-2 және Ми-8 тікұшақтарын жаң­ғырту бойынша технология­лар мен Ми-8 тікұшақтарына ар­налған қозғалтқыштарды күр­делі жөндеуді беру туралы «Мо­тор Сич» АҚ-пен (Украина) кәсіп­орынмен келісімге қол қойылды. Су-25 үлгі­сіндегі ұшақты күр­делі жөндеу мен жаң­ғырту келі­сім­шартына бело­рус­сиялық «558-авиажөндеу зауытымен» қол қойылды. «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСКИ) бірқатар қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарға өзі­нің тікұшақтарын ықтимал жет­кізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. ЕС-125-тің 7 тікұшағын сатып алу жөнінде меморандумға Шығыс Қазақстан облысы әкім­дігінің өкілдері ЕСКИ-мен қол қой­ды, ЕС-130-дың 18 тікұша­ғы – «ҚазМедЭйр» ЖШС ком­па­ния­сының басшылығы. Сонымен қатар, ЕСКИ «Қазавиаспас» АҚ-та бар ЕС-145 борттарына тех­никалық қызмет көрсету жүргізуге ниетті. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы маусымның 2-сі мен 5-і аралығында Астанада IV халық­аралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көр­месі өтеді. Оның бірлескен ұйым­дастырушысы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ болып табылады. «Қазақстан инжиниринг» компаниясының тобы биылғы жылы көрме қатысушыларына 42 бірлік әскери техника, сон­дай-ақ 95 бірлік әскери және аза­мат­тық мақсаттағы бұйымның тұсауын кесетін 20 кәсіпорынмен ұсынылған. Сәулебек БІРЖАН