08 Маусым, 2016

Қазтелерадио отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшуде

398 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
i«KazSat-3» жерсерігі ғарыштық қолдануға 2014 жыл­дың желтоқсан айында жіберілген болатын, соның арқасында ұлттық телерадиохабар таратуды отандық жерсерікке көшіруге мүмкіндік туды. Қазірдің өзінде 14 қа­зақстандық кәсіпорын «KazSat» сериясындағы ғарыш аппаратын қолдануда, олардың арасында Қазақстан Республикасының ірі телекоммуникациялық операторлары, ұлттық компаниялар, әскери құрылымдар, тәртіп сақтау органдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ еліміздегі жекеменшік компаниялар да бар. Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ 1 наурыздан бері өзінің цифрлық телеарналарының хабар таратуын шетелдік жерсеріктен отандық жерсерікке көшіруде. Абоненттерді «KazSat-3» жерсерігіне толық көшіргенше хабар тарату екі жерсеріктен де жүргізіледі, алайда бұл көшу кезінде қазақстандық тұтынушылар желіден қол үзіп қалмауы үшін қолға алынған уақытша шара. «KazSat-3» телекоммуника­циялық ғарыш аппараты байланыс, телехабар тарату және Қазақстан аумағында жоғары жылдамдықты интернет желісі қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Ел аумағында телевизияны таратуға жағдай жасау­дан басқа «KazSat-3» жерсерігі еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін арттырып, мемлекеттік орга­н­дарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етіп, шетелдік жерсеріктерді жалдауға кететін қаражатты үнемдеуге мақсатталған. Ал бұл зейнетақы, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, жәрдемақылар және т.б. Қазірдің өзінде хабар тара­тудың цифрлық стандарты пайда болғалы, телекөрермендер бейне мен дыбыстың сапасына жоғары баға беріп жатыр. Халыққа «цифрдың» артықшылықтарын түсіну үшін уақыт керек. Алайда, цифрлық хабар тарату сигналының болашағы зор екеніне қазірден күмән жоқ. Қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу біздің «OTAU TV» жерсеріктік теле­визия абоненттері қосымша SD арналарды цифрлық сапада көре алады. Сондай-ақ, HD-арна­ларды (жоғары айқындықтағы арналар)  қосу мүмкіндігі бар, ол ағымдағы жылдың екінші жартысында ақылы топтаманы қолданушыларға қолжетімді болады. Бұл жағдайда абоненттерге жерсеріктік қондырғыны күйге келтіру керек. Өйткені, 58,5 градус деген жаңа геостационарлық позиция бекітілген («Intelsat 904-тен» хабар тарату кезінде 60 градустық позиция бекітілген болатын), әйтпесе жерсеріктік антенна қазіргі жағдайында сигнал қабылдай алмайды. Ол үшін үйретуші материал жасалып, бейнеролик түсірілді. Оны  www.otautv.kz және www.kazteleradio.kz сайттарынан көріп, жүктеп алуға болады. Егер үйде түрлі себептермен қондырғыны күйге келтіретін адам табылмаса, өзара келісіммен авторластырылған дилерлердің көмегіне жүгіне алады. Дилерлер барлық облыстың барлық ауданында бар. Байланыс мәліметтері www.otautv.kz сайтында көрсетілген. Абоненттердің назарына тағы бір жайт, абонент қондырғыны күйге келтірген соң, бұл жөнінде 193 немесе 7193 телефондары арқылы call-орталыққа, сондай-ақ өз өңіріндегі Сату орталығына хабарласып, дербесшот пен байланыс телефон нөмірлерін қалдыруы керек. Сонда абонент кепілдендірілген сыйлыққа ие болмақ. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар