Кеше Қытайдың Далян қаласында футболдан Қазақстан мен Қытай ұлттық құрама командаларының арасында жолдастық кездесу өтті.
Кездесуде Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта алаңға 67-минутта шыққан жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев жалғыз доптың авторы атанды.
Жалпы, ойын өте тартысты жағдайда өтті. Бірінші таймда қарсыластар бір-бірін аңдып, ара-тұра шабуыл жасағанымен, көп қауіпті жағдай жасамаған еді. Ал екінші таймда жасыл алаңда нағыз тайталасқан ойын болды. Алаң иелері матчтың жолдастық кездесу екенін ұмытып, бірінші таймның соңынан бастап отандастарымызға қарсы дөрекі ойнады. Сондай сәттердің бірінде Ұлан Қонысбаев жарақат алып қалды. Бірақ ұлттық құрамамыз ондай психологиялық қысымдарға «сынбай», керісінше, намысқа тырысып, шабуылдарды жиілете түсті.
Қытай құрамасы да қарап жатпады. Олар да Давид Лория қорғаған қақпаға бірнеше қауіпті сәт төндірді. Осы кезде құраманың бас жаттықтырушысы міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов алаңға Сергей Хижниченконың орнына Азат Нұрғалиевті шығарды. Бұл ойыншыны өте сәтті алмастыру болды. Азат Қытай командасы қақпасына шабуылдардың бірінде әуелетіп берілген пасты пайдаланып, баспен әдемі гол соқты.
Осыдан кейін алаң иелері қанша шабуылдағанымен, жерлестеріміз сауатты қорғанып, таблодағы есепті ойын соңына дейін сақтай білді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше