08 Маусым, 2016

Қазақстанға Ресейдің қорғаныс министрі неге келді?

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-06-16-Sergei АСТАНА. 8 маусым. Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға келді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгін Сергей Шойгу Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өтетін Қорғаныс министрлігінің жиынына қатысады. «Жиында халықаралық қауіпсіздік пен Шанхай ұйымының кеңістігінде жаңа қауіп-қатерге тиісті шаралар қолдадану жолдарын анықтау секілді мәселелер талқыланып, әріптестермен пікірлесу», – дейді Ресейдің әскери ведомства өкілі Игорь Конашенков. Сонымен қатар, ол: «Осы жиында қыркүйек айында Қырғызстан елінде өтетін «Бейбітшілік миссиясы-2016» атты антитеррорлық оқу-жаттығу шарасының жоспары пысықталады», – деді. Айта кетейік, аталған оқу-жаттығу жиыны ШЫҰ аясында біріккен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің қатысуымен өткізіледі. Негізгі мақсат – лаңкестіктің алдын алу, террорлық әрекетке тойтарыс беру және қатысушы елдердің әскери біліктілігін арттыру. Жиын соңында Сергей Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрімен кездесіп, әскери-техникалық әріптестіктті нығайтатын құжаттарға қол қояды. Талғат Райымбек. Дерек: РИА «Новости» ақпарат агенттігі. Фото: news-front.