09 Маусым, 2016

Хирург болып ақша тапқан аудан әкімі қызметінен кетті

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-06-16-hururg

Ресейдің Иркутск облысы, Оса ауданының әкімі Александр Григорьев бос уақытында жергілікті ауруханада дәрігер-хирург болып жұмыс істеп, қосымша ақша тапқаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы VSE42 ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Иркутск облысы прокуратурасының сайтында жазылғандай, аудан басшысы осы жұмысы үшін айына қосымша 13 мың рубль алып келген екен. Заң органының пікірінше, осы арқылы ол антикоррупциялық заңнама талабын бұзған. Тексеру барысында сондай-ақ дәрігер-әкімнің 2013 және 2014 жылдарғы табыстары туралы анықтамаға тек аудан әкімі ретінде алып тұрған жалақысын ғана көрсеткені анықталған. Григорьев 2013 жылы дәрігер-хирург болып істей жүріп, ай сайын 11 мың рубльден алып тұрса, 2014 жылы ақша мөлшері 16 мың рубльге жеткен. Аудандық прокуратураның ұсынысы бойынша Оса кентінің думасы депутаттары Александр Григорьевті отставкаға жіберген. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: VSE42.