09 Маусым, 2016

Мария Шарапова екі жылға үлкен спорттан шеттетілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-06-16-sharapova

Ресейдің ең атақты теннисшісі Мария Шарапова тыйым салынған мельдоний препаратын қолданғаны үшін Халықаралық теннис федерациясының (ITF) шешімімен 2 жылға дисквалификация алды. Бұл туралы «Р-Спорт» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Үкім сәрсенбі күні шығарылды. Осылайша теннисшінің 2016 жылдың тамыз айында Бразилияда өтетін Олимпиялық ойындарға қатыса алмайтыны белгілі болды. Биылғы жылдың басында спортшының организмінен Бүкіләлемдік антидопингілік агенттіктің (WADA) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға тыйым салған мельдонийдің іздері табылған болатын. Спортшының дисквалификация уақыты 2016 жылғы 26 қаңтардын бастап есептеледі. Демек, 2018 жылғы 25 қаңтарда оның мерзімі бітеді. Егер Шарапованың биылғы сәуірде 29-ға толғанын еске алсақ, енді екі жылдан кейін оның мансабын жалғастырып әкете алатынына сену қиын. Бірақ спортшы мұнымен келісіп отырған жоқ. Ол халықаралық соттан әділдік іздейтінін айтып отыр. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Р-Спорт.