09 Маусым, 2016

Партия фракциясының төралқа отырысы

295 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Гүлмира ИсімбаеваПарламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаеваның төрайымдығымен «Нұр Отан» партиясы фракциясының төралқа отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Отырыста Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мем­лекеттік бағдарламасын іске асыруға ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу жөніндегі комиссиялардың ат­қарған жұмыстары туралы мәселе қаралды. «Нұр Отан» партиясының Пар­ламент Мәжілісіндегі фрак­ция­сының жанынан бес бағыт бойынша комиссиялар құрылған. Олар: әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту; ин­дустриялық энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік бел­сенділікті қолдау; көлік және логистика инфрақұрылымын дамы­ту; агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілет­тілігін арттыру жөніндегі комиссиялары. Парламент Мәжілісінің 6-ша­­қырылымы өз жұмысын бастағалы бері өткен екі ай­дың ішінде комиссиялар бірқатар отырыстар өткізіп, онда: «Халықаралық Астана әуе­жайының жолаушылар терминалын қайта салу барысы туралы»; «Құрық портында паромдық кешеннің құрылысы және жүк-жолаушылар таситын әмбебап паромдарды пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын 2015-2016 жылдары базалық қажет­ті құралдармен жиынтықталған зертханалармен қамтамасыз ету және қаржы бөлу»; «Индус­триялық энергетикалық инфра­құры­лымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау жөніндегі жобаларды іс­ке асыру барысы туралы»; «Ин­фрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мем­лекеттік бағдарламасын 2016 жыл­дың бірінші тоқсанында іске асыру барысы туралы» мәселелер қаралды. Төралқа отырысына «Нұр Отан» партиясы­ның хат­­шы­сы Қ.Жұмашев, Инфра­құ­рылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекет­тік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қа­ра­­жаттың және бюджеттік қа­ражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу жөніндегі комиссиялардың бес бағыты бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасының бес бағыты жөніндегі комиссиялардың жұ­мыстарына жетекшілік етуші партияның Орталық аппаратының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Фракция төралқасы комис­сия жүргізген жұмыс туралы ақпараттарды назарға ал­ды. Комиссия басшылығы: Ин­фрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінетін қара­жаттың және бюджеттік қара­жаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүр­гізу­ді күшейту; Аймақтардағы инфра­құрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынып жатқан құрылыстар мен объектілерді барып көруді жазда болатын көшпелі жұмыс топтарының кестесіне қосу ұсынылды. Сонымен қатар, төралқа мүшелері отырыста бірқатар ұйым­дық мәселелерді де қарас­тырды.