09 Маусым, 2016

Маңызды мәселелер қаралған мәжіліс

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті мәжілісі болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қатысты. Бұл жолғы мәжіліс үсті­міздегі жылдың күзінде ҰҚ­ШҰ-ға мүше елдер мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Ұжымдық қауіпсіздік ке­ңесінің кезекті сессиясына дайындық кезеңдерінің бірі болды. Шараға қатысушылар 2015 жылдың 21 желтоқсанында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысын қарастырды. ҰҚШҰ-ның 2025 жылға дейінгі кезеңге арнал­ған Ұжымдық қауіпсіздік стра­те­гиясының жобасы бойынша пікір алмасулар өтті. Делегациялар басшылары, сондай-ақ, халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы бірлесіп іс-қимыл таныту мәселелерін, Жедел жауап беретін ұжымдық күштерді әрі қарай дамытуды қоса алғанда, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери ынтымақтастығының жекелеген бағыттарын талқылады. Мәжіліс қорытындысы бо­йынша қауіпсіздік кеңестер­інің хатшылары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер жауапты органдарының өзара іс-қимы­лын жетілдіруге бағытталған бір­қатар шешімдерге қол қойды. Делегациялар басшылары Армения Республикасының Президенті С.Саргсянның қа­был­дауында болды. «Егемен-ақпарат»