Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының орталығында «Рахмет» деп аталатын дүкен тұтынушыларға айқара есік ашты. Бұл сауда орнының басқа дүкендерден айырмашылығы сол – мұндағы тауарларды тұтынушылар тегін алады.
– Дүкен ашылған алғашқы күннің өзінде 3 отбасын балаларға және ересектерге арналған киім-кешектермен қамтамасыз еттік, – дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы денсаулық және қайырымдылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша жетекшісі Самал Мәтенова.
Дүкеннің жұмыс істеу жүйесі соншалықты күрделі емес. Қайырымы мол тұрғындар өздеріне керексіз болып қалған, бірақ қолданысқа әбден жарамды киім-кешек пен тұрмыстық заттарды, үй жиһаздарын осында әкеліп өткізеді.
Әзірге Осакаровтағы дүкеннің сөрелері тауардан қайысып тұр деп айту қиын. Сол себепті, жобаны ұйымдастырушылар мұнда Қарағандыдағы дүкеннен де біраз дүниелерді жеткізген.
Айта кетейік, «Рахмет» деп аталатын мұндай дүкен алғаш Қарағанды қаласында ашылған болатын. Жоба жұмыс істеген аз ғана уақыт ішінде 170-тен астам отбасы нанды тегін алып, киім-кешек пен басқа да заттарға көк тиын да жұмсамай қол жеткізді.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше