Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық прокуратурасы білім бөлімінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізіп, біраз былықтың бетін ашты.
Тексеру барысында мекеме жанындағы орталықтандырылған есеп бөлімі есепшілерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа қадам басып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтіргені анықталды. Атап айтқанда, А.Боранбаева, Г.Кішенова және Г.Сарымсақова сынды есеп қызметкерлері аудандық білім бөліміне қарасты мектептерге мүлдем жұмыс істемейтін «өлі жандарды» тіркеп қойып, ай сайын соларға «тиесілі» айлық жалақыны өздері бөлісіп алып келген. Осының нәтижесінде олар мемлекеттің 8 373 826 теңге ақшасын қалталарына заңсыз басқан.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша бақылауға алынып, аудандық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істі қараған аудандық соттың үкімімен А.Боранбаева, Г.Кішенова және Г.Сарымсақова қызмет бабын асыра пайдалана отырып, мемлекет мүлкін қолды еткен кінәлі деп танылды. Осыған орай олардың әрбірінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл түрмеде отыру жазасына кесілді. Алайда, Кодекстің 63-бабының 1-бөлігі қолданылып, оларды бас бостандығынан айыру жазасы шартты мерзімге ауыстырылып, 5 жыл сынақ мерзімі белгіленді.
«Есепшіні «есепші» дей берсең, есіріп кетеді» дегенді осындайда айтқан екен-ау жұрт...
Мұрат АЙТҚОЖА

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше