Азия халқы Солтүстік Американың бар екендігін әйгілі саяхатшы Христофор Колумбтан бұрын білген.
Бұған дәлел ретінде АҚШ археологтары Аляскадан осы халықтар арасында сауда-саттық байланыстары болғанын дәлелдейтін жәдігерлер тапты.
«Негізі үндістер мен Азия халықтарының арасында байланыстың болғанына осыған дейін де көзіміз жеткен еді. Енді жаңадан табылған айғақтар осыны дәлелдей түсті. Азия халқы америкалықтарға металл сатқан. Біз тапқан металл құймалары Еуразияда құйылып, кейіннен Сібір мен Беринг бұғазы арқылы Аляскаға жеткізіліп отырған», – дейді Индиана штатындағы Пардью университетінің қызметкері Корм Купер
Ғалымдардың тұжырымдарын Аляска халқының жерінен табылған жәдігерлер мен еңбек құралдары растай түсті. Бұл жақтың тұрғындары отырықшы өмір салтын ұстанған. Себебі, металл тапшы болғандықтан атадан балаға мұра етіп қалып отырған. Мұны әбден тозығы жеткенше пайдаланғанынан білуге болады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше