Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев террорлық акті кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына берілетін материалдық көмектің көлемін арттыру жөнінде шешім қабылдады. Оларға 5 миллион теңгеден берілетін болады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 5 маусым күні Ақтөбедегі террорлық акт кезінде лаңкестер қолынан қаза тапқандар мен зардап шеккендерге аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев 5 млн. теңгеден ақша беру жөнінде шешім қабылдады.
Айта кетейік, теракт салдарынан 7 әскери қызметкер мен азаматтық тұлғалар қаза тапқан болатын. Осыған орай Мемлекет басшысы 9 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бүгін республика көлемінде тулар төмен түсіріліп, мәдени-көпшілік және спорттық шаралар кейінге шегеріледі. Сонымен қатар, телеарналар мен радиоларда берілетін ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады.
Талғат Райымбек.
Дерек: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Фото: kapital.kz.
• 09 Маусым, 2016
Терактіден қаза тапқандардың отбасына 5 млн. теңгеден беріледі

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше